Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Спорт клуб ғимараты жөнделуде

Спорт клуб ғимараты жөнделуде

Тереңөзек кентіндегі спорт клуб ғимаратында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен аудан әкімі Берік Сәрменбаев танысты.

Ғимарат 1976 жылы салынған. Сол уақыттан бері ішінара жөндеу көрсе де қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмеген. Биыл облыстық бюджеттен тиісті қаржы қарастырылып, күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Мердігер «Жылу - ХХІ» ЖШС-і, жоба құны 89 млн.теңге. Жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың қыркүйек айы деп күтілуде.

- Бұл ғимараттың негізгі құрылысының сапасы өте жоғары. Соған сай күрделі жөндеу жұмыстарын да сапалы жүргізілуі қажет. Бұған дейін кабинеттердің жетіспеушілігі, спортшыларға арналған жуыну бөлмесінің болмауы секілді мәселелер көтерілген. Қазір ғимараттың жөндеу жобасына қажетті кабинеттер мен спорт үйірмелеріне арналған барлық қажеттіліктерді қосып отырмыз. Негізгі көтерілген мәселелер бойынша техникалық кеңесте өткізілді. Аудан орталығындағы тұрғындарға арналған ең қажетті нысан болады деген жоспарымыз бар,-деді аудан басшысы.

Жалпы аудандық спорт клубта 13 жаттықтырушы жұмыс істейді. Олар аудан бойынша 800-ден аса жасөспірімді спортқа баулуда. Бүгінде ауыр атлетика, жеңіл атлетика, ережесіз жекпе-жек, қол күрес, гір көтеру, тоғызқұмалақ, волейбол секілді спорт түрлерінен жасөспірімдер жаттығып, түрлі жарыстарға қатысуда.


19 шілде 2023 ж. 356 0