Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылыс жұмыстарымен танысты

Құрылыс жұмыстарымен танысты

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Аудан басшысы алдымен кент орталығындағы "Сырдария" спорт клубына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын көрді.

Спорт клуб дирекоры Диас Әлжанов құрылыс жұмыстары маусым айынан басталып, бүгінде қарқынды жүріп жатқанын жеткізді. Бұған 88,9 млн теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме "Жылу ХХІ" ЖШС құрылыс жұмыстарын атқаруда.

Мұнан соң аудан әкімі №6 "Ботагөз" бөбекжай балабақшасына барып, бу қазандығын газ отына қайта жабдықтау жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, "Майжарма" каналының абаттандыру жұмыстарын көрді. "Майжарма» каналын абаттандыруға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген. Мердігер «Град Строй Сервис» мекемесінің қызметкерлері құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Құрылыс нысандарын аралаған аудан басшысы жол жөндеу жұмыстары барысымен де танысып, мердігер мекеме өкілдерімен сөйлесті.

Аудан әкімі ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде, аймақ басшысының қолдауымен іске асырылып жатқанын айтты. Тұрғындар игілігі үшін атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілу керектігін атап көрсетті. Жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауда ескерткен аудан басшысы тиісті сала басшыларына қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
17 тамыз 2023 ж. 184 0