Спорт кешені құрылысының жұмысымен танысты

Спорттық нысан құрылысы 2022 жылы басталған. Жоба бойынша биылға өтпелі. Осы жылы құрылыс жұмыстары жалғасын тауып, мердігер мекеме – «SCS Инжиниринг» ЖШС жүргізуде.
Аудан әкімі спорт нысанының ауыл үшін маңызы зор екенін атап, оның сапалы салынуы басты шарт екенін айтты. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының уақытылы жүргізілуін қатаң бақылауда ұстау керектігін ескертті. Тиісті бөлім басшысына осы жұмыстарды үнемі назарда ұстауды тапсырды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
