Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бағдарлама аясындағы жұмыстарға бағдар

Бағдарлама аясындағы жұмыстарға бағдар

Көктем, жаз, күз айларында жол жөндеу, жарық­тандыру, құрылыс жұмыс­тары қарқын алады. Яғни, халықтың та­лап-тілегіне орай жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Міне сол жұмыстар үнемі қада­ғалауды қажет етеді. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев тиісті са­ла басшыларымен бірге ау­­данда атқарылып жатқан жұ­­мыстарды, оның ішін­де «Ауыл – ел бесігі» бағ­дар­ламасы ая­сында жүр­­гі­зіліп жатқан құ­ры­лыс нысандарын ара­лады. Мер­дігер ком­пания өкіл­де­рі­мен кез­десіп, жұмыс­тар­дың­ сапалы орын­­да­луына мән бер­ді.
Бүгінде аудан орталығындағы шеткі кө­шелерді қалыпқа келтіру жұмыстары қолға алынған. Соған байланысты аудан басшысы алдымен Тереңөзек кентіндегі И.Тоқтыбаев көшесінің тұйығындағы жол жөндеу жұ­мысының барысымен танысты. Қазіргі кезде көшенің 680 метріне тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан басшысы тиісті бөлім басшысына жолдың сапалы салынуына үнемі бақылау жасауды ескертті.
Жұмыс сапарында аудан әкімі Бесарық ауылындағы жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстары мен спорт кешенінің құрылысын көрді. Елді мекенге облыстық бюджеттен 6 көшенің орташа жөнделуіне 246,5 млн теңге қаржы бөлінген. Ал спорт кешенінің жалпы жобасының құны 381 859,2 мың теңгені құрайды. Құрылысты жүргізетін мердігер мекеме – «SCS Инжиниринг» ЖШС. Аудан басшысы осы жұмыстардың жүргізілу барысында қоғамдық бақы­лауды күшейту керектігін атады.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақжарма ауылында да көшелер жөнделу үстінде. Республикалық және облыстық бюджеттен 186,7 млн теңге қаржы қаралған. Аудан басшысы бұл жұмыстардың да уақытылы орындалуы назарда болуын ескертті.
Сонымен қатар ағымдағы жылы жергі­лікті маңыздағы «Қызылорда-Қоға­лыкөл-Шір­кейлі» автомобиль жолы­ның 6 шақы­ры­мын орташа жөндеуге рес­пуб­­ликалық бюд­­жеттен 146,5 млн теңге бө­лін­ді. Арнайы барған аудан әкімі жол салу барысында кемшіліктердің болмауына ауыл әкіміне нақты тапсырма жүктеді.
Бағдарлама аясындағы жұмыстарға бағ­дар жасаған аудан әкімі М.Ергешбаев әрбір нысан басында мердігер мекемелердің жа­уапты қызметкерлеріне жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды. Ал сала бас­шылары мен ауыл әкімдеріне туған жерде атқарылып жатқан жұмыстарға жа­нашыр­лық­пен қарауға шақырды.
Жалпы «Ауыл – ел бесігі» бағдар­ла­ма­сының елді мекендердің көркеюіп, абаттануы­­на септігі зор. Бұған дейін бірқатар ауылдар, оның ішінде тіректі елді мекен саналатын Ақжарма ауылында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Сырдариялықтар биыл да бұл бағ­дарламаның игілігін көруде.

Ердос БЕРКІНБАЕВ
09 сәуір 2022 ж. 450 0