Аудан әкімі салынып жатқан құрылыс нысандарын аралады
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев ауданға қарасты Жетікөл және Бесарық ауылдарында болып, салынып жатқан құрылыс нысандарының жұмыстарымен танысты.
Жоба құны 381,8 млн. теңгені құрайтын «Бесарық елді мекеніндегі спорт кешені құрылысы» жобасына облыстық бюджеттен 2022 жылы 144, 2 млн. теңге бөлініп, жұмысы басталған болатын.
2023 жылға құрылыс- жұмыстарына 218,2 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда мердігер мекеме «SCS Инжиниринг» ЖШС-мен құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
Құрылыс жұмыстарының орындалуы бүгінде 45 пайызды құрап отыр. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.
Ал Жетікөл ауылында жалпы құны 30,9 млн. теңгені құрайтын үш бөлмелі 2 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.
Бүгінгі таңда, мердігер мекеме «Орион LTD» ЖШС-і жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың тамыз айында құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы салынып жатқан нысандардың ең бастысы сапасына үлкен мән беру керектігін және мерзімінде аяқталуын қатаң бақылауға алу қажеттігін айтты. Мердігер мекемелердің жұмыстарына сәттілік тілеп, құрылысшыларға алғысын білдірді.