Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі құрылыс нысандарын аралады

Аудан әкімі құрылыс нысандарын аралады

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев тиісті сала басшыларымен «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады.

Алдымен Тереңөзек кентіндегі И.Тоқтыбаев көшесінің тұйығындағы жол жөндеу жұмысымен танысты. Қазіргі кезде көшенің 680 метріне тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Мұнан соң, аудан басшысы Бесарық ауылындағы жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстары мен спорт кешенінің құрылысын көрді. Спорт кешенінің жалпы жобасының құны - 381 859,2 мың теңге. Мердігер мекеме «SCS Инжиниринг» ЖШС-гі. Облыстық бюджеттен ауылдың 6 көшесінің орташа жөндеу жұмыстарына 246,5 млн. теңге бөлініп, жұмыс жүргізілуде.

Аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлының жұмыс сапары Ақжарма ауылында жалғасып, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық және облыстық бюджеттен 186,7 млн. теңге қаржы қаралған көшелердің жөндеу жұмыстарымен танысты.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы жергілікті маңыздағы «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автомобиль жолының 6 шақырымын орташа жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 146,5 млн. теңге бөлінді.

Аудан әкімі әрбір нысан басында мердігер мекемелердің жауапты қызметкерлеріне жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды. Ал, ауылдық округ әкімдеріне туған жерде атқарылып жатқан жұмыстарға жанашырлықпен қарауға шақырды.
06 сәуір 2022 ж. 535 0