Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыз аштыру сауабы мол іс

Ауыз аштыру сауабы мол іс

Рамазан – Алла тағаланың ерекше ықыласы түскен, шарапаты мол, ізгі ниетті іске сауабы көп, жыл он екі айдың қадірлісі. Иісі мұсылман қауымы үшін осынау қасиетті айда ораза ұстап, құлшылық еткен жандарға ауыз аштыру сауабы мол іс.

Осыған орай, Асқар Тоқмағанбетов ауылының 1991 жылғы туылған азаматтары оразаның 3-ші күнінде Ауыл мешітінің асханасына дастархан жайып, ауыл халқына арнап алғашқылардың бірі болып ауызашар асын берді. Ауыз ашар асы кезінде сөз кезегін алған аудандық мешіттінің бас имамы Асхат Асқарұлы жиналған көпшілікке және барша мұсылман қауымына бағыштап дұға-тілегін білдірді.

Ауызашар барысында уағыз айтылып, дұға-тілектер айында жиналғандар бір-біріне ізгі ниеттерін білдірумен қатар, өздерінің басын қосып, ауызашар беріп отырған 1991 жылғы туылған азаматтарға өз ризашылықтарын жеткізді.

1991 жылы туылған ауыл азаматтары әркез игі істе алғашқылардың бірі болып бастама көтеріп келеді. Игі бастама өз жалғасын табады деп сенеміз!

Ұстаған оразаларыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын, құрметті жамағат!
27 наурыз 2023 ж. 334 0