Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АУЫЗАШАР БЕРДІ

АУЫЗАШАР БЕРДІ


Айлардың сұлтаны – Рамазан айында ауызашар беру үлкен сауапты іс саналмақ. Бұл ізгілікті, қасиетті істен ұстаздар қауымы да шет қалып жатқан жоқ. Сәкен ауылындағы №137 орта мектеп ұжымы (директоры Б.Есназар) ауыл мешітінің асханасында ораза ұстаған жандар мен ауыл тұрғындарына ауызашар ұйымдастырды.
Ораза – тән мен жанның тазаруы. «Он бір айым бір төбе, бұл бір айым бір төбе» дегендей ауыз бекітудің адам денсаулығы мен жан дүниесінің жаңаруына пайдасы зор екендігін айтқан ауыл молдасы Үсенбай ауызашар ұйымдастырған жандарға ризашылығын білдірді.
***
Отыз күн ораза айында ауыз ашар беріп, сауап жинап жатқан жерлес­теріміздің қатары көп. Бұл бір ізгілікті іс. Жеке кәсіпкер Махмут Нұртазаев өз иелігіндегі «Дана» кафесінде ораза ұстаған көрші-көлемге, дос-жаран­дар­ға, ағайын-туыстарға дастархан жай­­­ды.
Рамазан айы басталғалы бері мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлер кент орталығындағы мешітке кезекпен ауыз аштырып жатыр. Ауызашарға жиналғандар оразаның қасиеттерін әңгімелеп, жан мен тәннің жаңаруының кепілі деген баға берді.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
11 маусым 2018 ж. 5 941 0