Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыз аштыру сауабы мол іс

Ауыз аштыру сауабы мол іс

Рамазан – Алла Тағаланың ерекше ықыласы түскен, шарапаты мол, ізгі ниетті іске сауабы көп, жыл он екі айдың қадірлісі. Иісі мұсылман қауымы үшін осынау қасиетті айда ораза ұстап, құлшылық еткен жандарға ауыз аштыру сауабы мол іс.

Осыған орай, Асқар Тоқмағанбетов ауылының 1991 жылғы туған азаматтары ауыл мешітінде дастархан жайып, жергілікті халыққа  арнап ауызашар берді. Алғашқы сөз кезегін алған ауыл имамы Дархан Бодықов жиналған көпшілікке және барша мұсылман қауымына бағыштап дұға-тілегін білдірді.

Ауызашарда уағыз айтылып, дұға-тілектер айында жиналғандар бір-біріне ізгі ниеттерін білдірумен қатар, өздерінің басын қосып, ауызашар беріп отырған 1991 жылғы туған азаматтарға өз ризашылықтарын жеткізді.

Ұстаған оразаларыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын, құрметті жамағат!

10 сәуір 2022 ж. 594 0