Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 35 газет

13 мамыр 2025 ж.

№ 34 газет

10 мамыр 2025 ж.

№ 33 газет

06 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Бала қауіпсіздігі басты назарда болуы қажет

Бала қауіпсіздігі басты назарда болуы қажет

Бүгінгі қарастыратын 3 маңызды мәселе: суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік, балалардың терезеден құлауы және балаларға өрт қауіпсіздігінен сақтану шаралары туралы.

Облыстың су айдындарында, әсіре­се, Сырдария өзенінде жылда азаматтардың әртүрлі себептермен оқыс жағдайларға ұшырауы, оның ішінде жаз айларында суға шомылу кезеңінде олардың санының өсетіні өздеріңізге мәлім. 2024 жылы су айдындарында облыс көлемінде 15 адам қаза болған, оның ішінде 7-і бала.

Судағы зардап шеккен азамат­тардың, балалардың суда қаза болуы­на Сырдария өзені мен каналдардың кез келген, әрі зерттелмеген (ағысы жылдам, терең, жағалары тік жар) жер­леріне, судың салқындығын ескермей, спирттік ішімдік ішіп суға түсу, сонымен қатар, жүзе білмегендігі және ата-аналарының балаларын бақы­лауынсыз қалдыруы себеп болып отыр. Ағымдағы жылдың суға түсу мау­сымында қайғылы жағдайларды болдырмау үшін Сіздерден суда қара­пайым өзін-өзі ұстау ережесін қатаң сақтау керектігін сұраймыз. Атап айт­қанда:
– Тыйым салынған орындарда шомылуға;
– Суда балаларды қараусыз қал­дыруға;
– Қоршау белгілерінен асуға;
– Көпірлерден, бөгеттерден, қа­йық­­тардан суға секіруге және сүңгуге;
– Таныс емес жерлерде шомылуға;
– Мас күйінде шомылуға болмайды.

Осы жоғарыда айтылған қара­пайым қауіпсіздік ережелерін сақтау­ларыңызды және айтып келмейтін табиғи құбылыстар су, от тілсіз жау екенін ұмытпауларыңызды сұрай­­мыз. Сонымен қатар аудан тұрғын­дарын судағы қауіпсіздік талаптарын сақтамаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364, 440, 412 баптарымен әкімшілік жауап­кершілік көзделгенін хабарлаймыз.

Балалар табиғи қызығушылықпен ашық терезе алдында қауіп-қатерге бейім болып келеді. Әсіресе 3-7 жастағы балалар терезеден құлау қауіп-қатеріне жиі ұшырайды, бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қауіпті екенін түсінетін жаста емес, үлкендердің ешқайсысы оларға бұл жағдай туралы түсіндірмейді. Терезеден құлау оқиғалары көп жағ­дайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болады. Осыған байланысты ата-аналарды өте сақ болуға және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларыңызды сұраймыз.

Балаларды терезеден құлау жағ­дайынан қалай сақтауымыз керек?

Үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз! Сіз балаңыздың жанында болға­ныңыз­бен өз назарыңызды басқа нәр­се­ге аударған мезетте балаңыз өз өмірімен қош айтысуы мүмкін. Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыздар. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, балаларға терезеге жақын орналасқан кровать немесе басқа да жиһаздардың үстіне ойнауына рұқсат бермеңіз.

Ешқашан терезедегі москиттік торларға сенбеңіздер! Олар құлаудан сақтауға арналмаған, құлап бара жатқан балаларды қорғай алмайды! Керісінше, москиттік торлар қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соға­ды. Балалар москиттік торларды қауіп­сіз деп ойлайды және терезеге сүйен­гендей сол торларға сүйенеді. Көп жағдайда балалар осы тормен бір­ге құлап кетеді.

Мүмкіндік болса, терезені тө­мен­гі жағынан емес, жоғарғы жағы­нан ашыңыз. Балаларыңыз терезе­ні өз еркімен аша алмау үшін, тере­зелеріңізге (арнайы бекіткіш) бекіт­кіштер орнатыңыз! Жоғарыда көр­сетілген ұсыныстарды ескере отырып, Сіз жазатайым оқиғаның және қайғының алдын аласыз.

2025 жылы Сырдария ауданы аума­ғында жыл басынан бері 12 өрт оқиғалары тіркелді.

Балалардың тентектігінен пай­да болған өрт себептерінің тал­дауы көбінесе отпен абай болмауы, жет­кіліксіз бақылау мен ата-аналар­дың балалардың бос уақытын ұйым­­дастыра алмағандықтан туындайтынын көрсетеді. Демалыс келісімен оқушылар ересектердің қарауынсыз жиі қалады. Бұл кезеңде балалардың отпен ойнауынан туындайтын өрттің шығуы арта түседі. Пәтерде немесе жеке тұрғын үйде жалғыз қалған бала үлкендерге еліктеп, сіріңкені алып қағазды жағуы, электр жылытқыш құралдарын розеткаға қосуы, тіпті, от жағуы мүмкін, кейде ересектерден үлгі алып, балалар темекі шегуге талпынады. Бұған әрине, балаларды жалғыз қалдыратын, олардан сіріңкені жасырып қоймайтын, балалардың әре­кетін қадағаламайтын, олардың ойынына зер салмайтын, кейде балаларды еркелетіп, олардың сіріңкемен ойнауына рұқсат беретін немесе пешті жағуды тапсырып, оны қарауға қал­дыратын ата-аналар кінәлі екені сөзсіз.

Балалар көбінесе «құпия орындарда» (құрылыста, шатырда, жертөледе) немесе ересектер жоқ кезінде үйде отпен ойнағанды ұнатады.

Құрметті ата-аналар естеріңізде сақтаңыздар:

– сіріңкені балалардың қолы жет­пейтін жерлерде сақтау, балаларға сіріңке, темекі сатып алуға тыйым салу, ересектер тұрақты түрде балаларды бақылап отырулары қажет;
– балаларды үйде сыртынан жа­уып кетуге болмайды, оларға жанып жатқан пеш пен жылыту құралдарын қарауды тапсыруға, әсіре­се кіші жастағы балаларға жылыту құралдарын, газ плиталарын және тағы басқаларды қосуға тыйым салынады.

Әрбір ересек адамның міндеті – балалардың отпен ойнауына жол бермей, оларға оттың қаупін түсіндіру. Кейде азаматтар жану белгілерін байқаса да (түтін иісін), оған жете мән бермей, ұзақ уақытқа дейін өртке қарсы қызметті шақырмайды.

Осындай жағдайларда өрттің аумағы ұлғайып, көбінесе қайғылы сал­дармен аяқталады. Естеріңізде бол­сын, егер бақылаусыз қалған бала­лардың салдарынан өрт шығып, ол кімде-кімге зиян келтірсе, онда ата-аналар заң бойынша әкімшілік тәр­тіптік жауапкершілікке тартылады.
Өрт немесе жану оқиғасын бай­қасаңыз тез арада «101», «112» телефон нөміріне хабарласу керек.


Сырдария аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
Фото: Ашық дереккөзден
13 мамыр 2025 ж. 145 0