Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 35 газет

13 мамыр 2025 ж.

№ 34 газет

10 мамыр 2025 ж.

№ 33 газет

06 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Бақыт кілті

Бақыт кілті

Отбасы құндылығы қазақ қоғамында ерекше мәнге ие. Жұп болып, ортақ мүддені бір арнаға тоғыстырған әрбір ерлі-зайыпты жауапкершілікті айқын сезінгені дұрыс. Олар кез келген мәселені жан-жақты шешіп, шағын мемлекеттің іргесін берік ұстауы керек.

Алла Тағала қасиетті Құранның «Рум» сүресі, 21-аятында: «Сендерге Алланың құдіретін көр­сететін айқын дәлелдерінің бірі – өз болмыс­тарың­нан жандарың жай тапсын деп, сендер үшін жұбайлар жаратып, араларыңа махаббат пен мейірімділік сезімін ұялатты. Расында, осыны ақылға салып, ойланатын қауым үшін айқын дәлелдер мен ғибрат бар», – деп айтқан.

Мұсылманның жарына деген негізгі махаббаты некеден кейін пайда болады. Некеден кейін ерлі-зайыптының бір-біріне сезімін білдіріп, жылы сөз айтуы, сыйлық беруі, құрметтеуі – отбасылық өмірдің бақытты да баянды болуына әсері мол. Сондықтан ерлі-зайыпты бір-бірін бағалап, мейірімділіктің аясында қарым-қатынас жасаса, махаббат та сақ­талады. Алла Тағала жоғарыдағы аятта:

«Араларыңа махаббат пен мейірімділік сезімін ұялатты», – деп «махаббат» пен «мейірімділікті» бірге айтуының сыры осында жатыр.

Алла Елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сізге адамдардың ішіндегі ең сүйіктісі кім?» – деп сұрағанда: «Айша», – деп жауап берген екен. Алла Елшісі осылайша әрдайым өзінің өмірлік жарына деген махаббатын білдіріп отырған.

Алла Тағала «Ниса» сүресінің 19-аятында: «Әйелдеріңмен жақсы тұрып, жақсы қарым-қатынаста болыңдар», – десе, 34-аятында «Ерлер әйелдерге басшы һәм қорған», – деп әмір еткен.

Жалпы отбасында екі дүние бақытына жетелер ер мен әйелдің өзара және бала-шағасының алдындағы міндеттері өте көп. Соның барлығын бір ауыз сөзбен қамтитын Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ер мен әйелдің негізгі сипатын баяндайтын хадисі бар. Ер адамға байланыс­ты сөзінде «Сендердің қайыр­лыларың әйелдеріне қайырлы болғандарың», – десе, әйел адамға байланысты «Үмметімнің ең қайырлы әйелдері – еріне бағына білгендері және қанағатшылдары», – деген. «Ыдыс-аяқ сылдыр­ламай тұрмайды» – демекші, қандай жағдай болсын ер адам әйеліне жұмсақ мәміледе болса, үйдегі мәселенің айғай-шусыз шешілу жолын парасат­тылығымен пайымдай алса, әйел адам еріне мойынсұнып, ерінің отбасы үшін әкелген нәпақасын қанағат тұтса, нағыз бақытты отбасы осы демек. Осындай мейірімді көріп өскен ұрпақ та берік отбасы құруды мақсат ететіні сөзсіз.


Нұрсұлтан СЕРІКҰЛЫ,
аудандық мұсылмандар мешітінің
бас имамы
Фото: Ашық дереккөзден
13 мамыр 2025 ж. 156 0