Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейқамдық бақытсыздыққа әкелмесін

Бейқамдық бақытсыздыққа әкелмесін

Қазіргі заманда өмір­­ге қауіп төнді­ре­тін жағдайға тап бо­лу өте жиілеп кет­­кені баршамызға аян. Осыған орай, балаларды далаға ойнауға, қонаққа жібергенде немесе үйде өздерін жал­ғыз қалдырғанда олардың өміріне қа­­­­уіп төнбеу жа­ғын ес­керу керек.

Өкінішке қарай, статистикалық деректерге сүйенсек, балалардың білместігінен болатын өрттер, балалар өлімі орын алып жатқан өрттер жиі болып жатқанын көруге болады. Балаларға өрт қауіпсіздігі жайында не білу қажет? Қай жас­­тан бастап балаларды өрт кезінде немесе жану жағдайы кезінде өзін ұстау ережелеріне үйрету керек? Осындай сұрақтардың жауабы ретінде «Балалық шақтан бастап балаларды өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйрету керек» дегіміз келеді. Мұндай ережелерді балаларға өз іс-әрекеттерін түсіне бастаған шақтан үй­реткен дұрыс. Бастысы, балаға ашық от өте қа­уіпті екенін, от жарақаттайтынын, ауыртатынын, тіпті адам өліміне әкеп соқтыруы мүм­кін екенін түсіндіру қажет. Бала жану және өрт жағдайлары болмау үшін өзін қалай ұстау керектігін немесе жану кезінде не істеу, не іс­темеу керектігін білуі тиіс. Өрт шыққан кезде қа­лай сасқалақтап қалмау керектігін балаларға үйрету – біздің міндетіміз. Көбіне балалар өрт шыққан жағдайларда үрейленіп, тығылып қа­лады. Мұндай жағдайда не істеу керектігін, өзін қалай ұстау қажеттігін және өзіне қандай қауіп төніп тұрғанын білмеуі себепті бала өзін осылай ұстайды. Білім жоқта үрей туын­дайды. Ең бастысы, үрейдің болмауы. Байсалды болсаң және ақылмен әрекет етсең, қауіптен құтылу оңай. Үрей мен сасқалақтау – бұл үнемі ақылды шешім табу мүмкіндігін жоғалту.

Әрбір адам білуге міндетті:

• егер жану 2 минуттан асса, онда өрт шық­қан жерден шығып кету қажет;

• балаларға жасырынып қалуға болмайтынын, бұл қауіпті екенін түсіндіру керек;

• үлкендер балаларды жабық бөлмелерде өздерін жалғыз қалдыруға болмайтынын білу­лері қажет.

Әйтпесе, бұл бақытсыздыққа әкеліп соқтыруы мүмкін.




А.Мұқтар,
Сырдария ауданының төтенше
жағдайлар бөлімінің курсанты
23 шілде 2022 ж. 359 0