Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалардың отпен ойнауы – қауіпті

Балалардың отпен ойнауы – қауіпті

Балалардың тентектігінен пай­да болған өрт себептерінің тал­дауы көбінесе отпен абай бол­мауы, жеткіліксіз бақылау мен ата аналардың балалардың бос уақытын ұйымдастыра алмаған­дықтан туындайтынын көрсетеді. Демалыс келісімен оқушылар ересектердің қарауынсыз жиі қалады. Бұл кезеңде балалардың отпен ойнауынан туындайтын өрттің шығуы арта түседі. Пә­терде немесе жеке тұрғын үйде жалғыз қалған бала үлкендерге еліктеп, сіріңкені алып қағазды жағуы, электр жылытқыш құралдарын розеткаға қосуы, тіпті, от жағуы мүмкін, кейде ересектерден үлгі алып, балалар темекі шегуге талпынады. Бұған әрине, балаларды жалғыз қалдыратын, олардан сіріңкені жасырып қоймайтын, балалардың әрекетін қадағаламайтын, олардың ойынына зер салмайтын, кейде балаларды еркелетіп, олардың сіріңкемен ойнауына рұқсат беретін немесе пешті жағуды тапсырып, оны қараусыз қалдыратын ата-аналар кінәлі екені сөзсіз.
Балалар көбінесе «құпия орындарда» (құрылыста, шатырда, жертөледе) немесе ересектер жоқ кезінде үйде отпен ойнағанды ұнатады.
Құрметті ата-аналар естеріңізде сақтаңыздар:
– сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтау, балаларға сіріңке, папирос және темекі сатып алуға тыйым салу, ересектер тұрақты түрде балаларды бақылап отырулары қажет;
– балаларды үйде жауып кетуге болмайды, оларға жанып жатқан пеш пен жылыту құралдарын қарауды тапсыруға, әсіресе кіші жастағы балаларға жылыту құралдарын, газ плиталарын және тағы басқаларды қосуға тыйым салынады.
Әрбір ересек адамның міндеті – балалардың отпен ойнауына жол бермей, оларға оттың қаупін түсіндіру. Кейде азаматтар жану белгілерін байқаса да (түтін иісін), оған жете мән бермей, ұзақ уақытқа дейін өртке қарсы қызметті шақырмайды.
Осындай жағдайларда өрттердің аумағы ұлғайып, көбінесе қайғылы салдармен аяқталады. Естеріңізде болсын, егер бақылаусыз қалған балалардың салдарынан өрт шығып, ол кімде-кімге нұқсан келтірсе, онда ата аналар заң бойынша әкімшілік тәртіпте жауапкершілікке тартылады.
Өрт немесе жану оқиғасы болған жағдайда тез арада «101», «112» телефон нөмеріне хабарлап, өртті сөндіруге және адамдар мен бағалы заттарды қауіпсіз жерге көшіруге шаралар қолдану қажет.

Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі
18 ақпан 2020 ж. 1 416 0