Отпен ойнама, балақай!
Статистикалық көрсеткіштер бойынша өрттердің жалпы санының 2-3 пайызы балалардың отпен ойнау салдарынан туындайды. Балалар ойнау кезінде ересек адамдарға еліктейтіндігі бізге мәлім. Олар сіріңке алып ересек адамдардан жасырын от ошақтарын жағады, соның салдарынан тілсіз жаудың қауіпі төнеді.
Ата-аналар назарына!
Балалардың отпен ойнауының салдарынан өрт туындап балалардың өртте қаза болуына әкеп соғатындығын, отбасымызға, ауданымызға және республикамызға, жалпы айтқанда біздің тәуелсіз мемлекетімізге шығын келетіндігін ұмытпаңыздар!
Әсіресе, балалар үлкендердің қарауынсыз, өздері жеке қалғанда өрттер жиі туындайды, сондықтанда пеш, газ плитасы, керосиндік шам, майшам жанып тұрған бөлмелерде балаларды бақылаусыз қалдырмаңыз.
Балаларды бөлмелерде немесе пәтерлерде жалғыз өзін қалдырып, есікті құлыптап жауып кетпеңіздер. Балаларға отпен байланысты әртүрлі ойындарды ойнауына қатаң тиым салу қажет. Балалардың құрылыстарға жақын жерлерде темекі шегуі, сіріңкемен ойнауы және от ошақтарын жағуы сияқты жағдайларды болдырмау үшін қатаң қадағалау керек.
Балаларды үнемі қадағалап отыру өте қиын, сондықтан сіріңкелерді балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыздар, үйлердің шатыры мен жертөлелерін ашық тастамағандарыңыз абзал.
Құрметті оқырмандар: ата-аналар, аталар мен әжелер балаларыңыз бен немерелеріңізді үнемі қадағалауға, оларға көп назар аударуға шақырамыз. Егер бәріміз бірге өрт қауіпсіздік ережесін қатаң сақтасақ, біз балаларды оттан аулақ болуына үйретеміз, сонымен қатар біздің ауданымызда, республикамызда өрттің саны айрықша кемиді. Мектеп, отбасы және азаматтық қорғау қызметі бәріміз бірлесіп жұмыстар атқарсақ жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.
Өрт, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда өрт сөндіру қызметінің «101» телефонына қоңырау шалыңыздар.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі