Бала қауіпсіздігін сақтайық
Өрт оқиғалары балалардың отпен (сіріңкемен) ойнауынан орын алып отыр, яғни, ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан өкінішті жағдайлар тіркелуде.
Мұндай өрт оқиғалары өте қауіпті, балалардың жарақат алуына, кей кездерде балалар өліміне әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан балаларды тұрғын үйлерде қараусыз қалдыруға болмайды.
Тоқ көздерін, электр қондырғыларын (телевизор, магнитофон, тоқ пештерін, үтік және т.б), газ плиталарын мұқият қарап, тоқ көздерінен ажырағандығына көз жеткізу керек.
Отты белгіленген орындарда (арнайы темір жәшіктерде) жағу, отты қараусыз қалдырмау қажет;
Сыртта ойнап жүрген балаларға көңіл бөлген жөн.
Судағы қарапайым ереже талаптары:
Табиғатта демалу кезінде балаларды қараусыз қалдырмаңыз, жүзу білмесеңіз суға белден аса тереңдікке бармаңыз;
Белгіленбеген орындарда суға түсуге рұқсат етілмейді. Қатер туралы жалған дабыл жауапкершілікке әкеліп соғады. Жоғарыда аталған өрт, су қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтап, балаларыңызға насихаттаудың маңызы зор.
Ескертпе: Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің 8/72436/ 21-4-94 нөмірлі сенім телефоны жұмыс жасайды.
Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі
Пікір 5