Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Отпен ойнауға болмайды

Отпен ойнауға болмайды

Статистикалық мәліметтер бойынша өрттердің жалпы санының 30 пайызы балалардың отпен ойнау салдарынан туындайды. Балалар ойнау кезінде ересек адамдарға еліктейтіндігі бізге мәлім. Олар сіріңке алып ересек адамдардан жа­сырын от ошақтарын жағады, соның сал­дарынан тілсіз жаудың қаупі төнеді.

Ата-аналар назарына!

Балалардың сыртынан құлыптап кет­пеңіз!

Негізінен ересектер, балаларды жал­ғыз қалдырып үйлерін құлыптап кетеді. Бұл дегеніміз, бала өрт өршімей тұрып алдын ала білсе де үйден сыртқа шығу мүмкін емес. Құтқарушылардың үнемі ай­татыны, оқиға орнына уақытылы жет­кенімен ол үйдің есігінің жабық болуы балаларды құтқаруға кедергі. Сон­дықтан міндетті түрде бір кілтті үйде қалдырып, немесе есіктің ашылуына мүмкіндігін қа­растыру қажет. Қанша адамның өмірін жалмаған Кемероводағы «Зимняя вишня» сауда орталығында орын алған өрт те сол жабық есіктердің кесірінен орын алғандығын естен шығармаңыз.

Балаңызбен әрекет алгоритмін жа­­саңыз.

Сіздің балаңыз үйде қалатын болса, ол қауіпсіздік ережелерін нақты білуі керек. «Сіріңкемен ойнауға болмайды» деген сияқты қарапайым ес­керт­пелермен шектеліп қалмаңыз. Ол төтенше жағдай кезінде баратын іс-әре­кет­терін нақты білуі тиіс. Мысалы, қауіп туындаған жағдайда алдымен ата-ананы емес, өрт сөндірушілерді (жедел жәрдем, полиция) шақыру керектігін ескертіңіз. Сондай-ақ бала өзінің тегі мен жақын туыстарының мекенжайын, телефон номерлерін білуі керек. Балаларды қауіпсіздік ережелеріне жүйелі түрде дағдыландырып, балаңызбен бір­ге қауіпсіздік нұсқаулықтарын пла­катқа жазыңыз. Оны көрнекі жерге іліп қойыңыз. Сонымен қатар қызмет­тердің телефон номерлерін жазып (101,102,103), есте сақтауға ықпал еті­ңіз. Балаңызды қауіпсіздік техникасы бойын­ша оқытуға жіберіңіз. Мектепте сынып сағатын ұйымдастырып, балалармен интерактивті форматта (ойын, викторина) төтенше жағдайлар тақырыбын талқылау керек.

Балалардың отпен ойнауының салдарынан өрт туындап балалардың өрт­те қаза болуына әкеп соғатындығын, отбасымызға, ауданымызға және рес­­пуб­ликамызға, жалпы айтқанда біз­дің Тәуелсіз мемлекетімізге шығын келе­тін­дігін ұмытпаңыздар!

Әсіресе, балалар үлкендердің қара­уынсыз, өздері жеке қалғанда өрттер жиі туындайды. Сондықтан да пеш, газ плитасы, керосиндік шам, майшам жанып тұрған бөлмелерде балаларды бақы­лау­сыз қалдырмаңыз.

Балаларды үнемі қадағалап отыру өте қиын, сол себепті де сіріңкелерді балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыздар, үйлердің шатыры мен жертөлелерін ашық тастамағандарыңыз абзал.

Құрметті оқырмандар, ата-аналар! Балаларыңызды үнемі қадағалауға, олар­­ға көп назар аударуға шақырамыз. Егер бәріміз бірге өрт қауіпсіздік ере­жесін қатаң сақтасақ, біз балаларды оттан аулақ болуына үйретеміз, сонымен қатар, біздің ауданымызда, облысымызда өрттің саны айрықша кемиді. Мектеп, отбасы және азаматтық қорғау қызметі бәріміз бірлесіп жұмыстар атқарсақ жақ­сы нәтижеге қол жеткізуге болады.

Өрт немесе төтенше жағдайлар туын­даған жағдайда «101», «112»өрт сөндіру қызметіне телефон шалыңыздар.


Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімі
07 қыркүйек 2021 ж. 1 465 0