Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала қауіпсіздігін сақтайық

Бала қауіпсіздігін сақтайық

Өрт оқиғаларының көпшілігі балалардың отпен (сіріңкемен) ойнауынан орын алып отыр. Яғни, ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы салдарынан қауіп туындайды. Бұндай өрт оқиғалары өте қауіпті, балалардың жарақат алуына, кей кездерде балалар өліміне әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан мынадай қауіпсіздік шараларын сақтаңыз:
– Балаларды тұрғын үйлерде қараусыз қалдырмаңыз;
– Тоқ көздерін, электр қондырғыларын (теледидар, магнитофон, тоқ пештерін, үтік және т.б), газ плиталарын мұқият қарап, тоқ көздерінен ажырағандығына көз жеткізіңіз;
– Отты белгіленген орындарда (арнайы темір жәшік­терде) жағып, оны қараусыз қалдырмаңыз;
– Сыртта ойнап жүрген балаларға көңіл бөліңіз;
Судағы қарапайым ереже талаптары:
– Табиғатта демалу кезінде балаларды қараусыз қал­дырмаңыз, жүзу білмесеңіз суға белден аса тереңдікке бармаңыз;
– Белгіленбеген орындарда суға түсуге рұқсат бер­меңіз;
– Қатер туралы жалған дабыл бермеңіз, бір-біріңізді көзден таса етпеңіз.
Жоғарыда аталған өрт, су қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтап, балаларыңызға насихаттап жүріңіз.
Елімізде балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын тағы себептердің бірі – терезеден құлау оқиғалары. Республика көлемінде соңғы үш жылда 49 жағдай орын алды (қайтыс болғаны – 14 бала, жарақат алғаны – 35).
Облыс бойынша 2020 жылы 5 жағдай, ағымдағы жылы 6 жағдай орын алды. Балалар табиғи қызығушылықпен ашық терезе алдында қауіп-қатерге бейім болып келеді. Әсіресе, 3-7 жастағы балалар арасында терезеден құлау жағдайы жиі ұшырайды. Мұндай жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қауіпті екенін түсінетін жаста емес, үлкендердің ешқайсысы оларға бұл жағдай туралы түсіндірмейді. Терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болады. Осыған байланысты ата-аналардан өте сақ болуды және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларыңызды сұраймыз.
Балаларды терезеден құлау жағдайынан қалай сақтауымыз керек?
1. Үйде балалар болған жағдайда, ешқашан те­резені ашық қалдырмаңыз! Сіз балаңыздың жанында болғаныңызбен өз назарыңызды басқа нәрсеге аударған мезетте балаңыз өз өмірімен қош айтысуы мүмкін.
2. Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыздар. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, балаларға терезеге жақын орналасқан кереует немесе басқа да жиһаздардың үстінде ойнауына рұқсат бермеңіз.
3. Ешқашан терезедегі москиттік торларға сен­беңіз! Олар құлаудан сақтауға арналмаған, құлап бара жатқан балаларды қорғай алмайды! Керісінше, москиттік торлар қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады, балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлап, торға сүйенеді. Көп жағдайда балалар осы тормен бірге құлап кетеді.
4. Мүмкіндік болса, терезені төменгі жағынан емес, жоғарғы жағынан ашыңыз.
5. Балаларыңыз терезені өз еркімен аша алмау үшін, терезелеріңізге (арнайы бекіткіш) бекіткіштер орнатыңыз!
Жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды ескере отырып, Сіз жазатайым және қайғылы оқиғаның алдын аласыз.
Ескертпе: Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімінінің 8/72436/ 21-4-94 нөмерлі сенім телефоны жұмыс жасайды немесе «101» ге хабарласыңыз.

Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі
15 мамыр 2021 ж. 705 0