Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көпқабатты тұрғын үйлер жөндеуден өтті

Көпқабатты тұрғын үйлер жөндеуден өтті

Бүгінгі таңда аудан орталығы – Тереңөзек кентін абат­тандыру, көркейту бағытында жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Соның нәтижесінде Тереңөзек кенті гүл­деніп келеді. Аудан орталығын абаттандырудағы жұ­мыс­тар септігін тигізіп, кенттегі көпқабатты тұрғын үйлер жөндеуден өткізілуде. Бұған аудандағы шаруашылықтар көмегін тигізді.

Аудан орталығындағы басты А.Иманов көшесінің бо­йында көпқабатты тұрғын үйлер көп орналасқан. Өт­кен ғасырда бой көтерген тұрғын үйлер уақыт өткен са­йын ескіріп, жөндеуді қажет етті. Осыған орай, аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың ұсынысымен аудандағы ірі шаруашылықтар Тереңөзек кентіндегі бірқатар көпқабатты тұрғын үйлерді сыртын жөндеуден өткізді.

Атап айтқанда, «Мағжан және К» ЖШС, «Шаған Жер» ЖШС, «Бесарық» ЖШС, «Жамбыл-2030» ЖШС, «А.Тоқмағамбетов» ЖШС, «Сейфуллин Жер» ЖШС, «Қызылдихан» ШҚ, «Ақжарма-1» ШҚ-тары А.Иманов кө­шесі бойындағы №15, 19, 21, 23, 25, 33, 37, 39 тұрғын үйлерді әрлеп, жаңартты. Бұл осы тұрғын үйлерде тұра­тын кент тұрғындарына үлкен көмек болды.

Осы ретте, тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстарын жүр­гізген шаруашылық құрылымдарына Тереңөзек кенті әкім­дігі атынан шынайы алғыс айтамыз.



Тереңөзек кенті әкімдігі
23 шілде 2022 ж. 613 0