Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпқабатты тұрғын үйлер жаңаруда

Көпқабатты тұрғын үйлер жаңаруда

Алғысымызды білдіреміз
Тереңөзек кенті жыл өткен са­йын көркейіп келе жатқа­нын көріп отырмыз. Ал бүгінде кенттегі орталық көше жөн­делуде. Бұл аудан тұрғындары үшін қуа­нышты жаңалық екені сөзсіз. Кентте көпқабатты тұрғын үйлерде тұратын біз тағы бір қуанышқа кенелу үстіндеміз. Яғни, қазір тұрпаты кеткен көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетін әктеп, сырлауға аудан орталығындағы мекеме ұжымдары көмегін көрсетуде. Бұл үл­кен сауапты іс екенін айтқым келеді. Екі қабатты тұрғын үйлердің қалыпқа келуіне атсалысып жатқан жандарға шынайы риза­шылығымызды білдіреміз.

Б.САҒЫНДЫҚОВ,
кент тұрғыны

Жауапкершілік жүктейді
Осыдан бірнеше жыл бұрын кент орта­лығындағы екі қабатты тұрғын үйлер жаң­ғыртылды. Соның нәтижесінде, бірнеше тұр­ғын үй жаңарып қалды. Сондай игі іс жал­ғасын тауып, қазір Тереңөзек кентіндегі біздер тұратын басқа да көпқабатты үйлер қалыпқа келтірілуде. Бұл жұмыстарды мекеме ұжымдары ұйымдасып іске асыруда. Олар бізге қолғабыс етіп, көпқабатты тұрғын үйдің сырты әктеліп, сырлануда.
Тұрғын үйлердің сыртқы келбе­тінің жа­ңарғаны – барлығымызға ортақ іс. Оның тазалығын сақтау әрбірімізге жауапкер­шілік жүктейді. Сондықтан көп­қа­батты үйлерге ұқып­­тылықпен қарау – тұрғындарға міндет.

Ә.ДҮРЖАНОВ,
кент тұрғыны

Тұрғындарға үлкен көмек
Біз тұрып жатқан екі қабатты тұрғын үйдің іргетасының қаланғанына ұзақ жыл болған. Сол себепті де оның сыртқы тұр­паты кеткен. Жауын-шашын әсерінен сы­лақтары түскен. Оның қалыпқа келуіне 2-3 апта көлемінде мекеме ұжымдары атсалысуда. Бұл – осы тұрғын үйлерде тұратын тереңөзектіктер үшін үлкен көмек.
Қазір әктеп, сырлағаннан кейін тұр­ғын үйдің сырты жаңарды. Айналасы да күл-қоқыстан тазарып қалды. Енді осы та­залықты сақтап, тұрғын үйлер­дің тұр­патын кетірмеуге тұрғындар жауап­кер­шілік танытуы тиіс. Ал осындай игі жұ­мыс­­­тарды ұйымдастырған атқарушы билік­­ке алғысымызды айтамыз.

Ж.АЛМАТОВА,
кент тұрғыны
23 қазан 2021 ж. 584 0