Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазақ зағиптар қоғамына – 85 жыл

Қазақ зағиптар қоғамына – 85 жыл

Биыл қазақ зағиптар қоғамына - 85 жыл толды. Айтулы күнге орай аталған қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен ауданда мерекелік іс-шара өтті. Сырдария спорттық зияткерлік клубында көз мүгедектерінің арасында дойбыдан жарыс өтіп, жеңімпаздарға арнайы диплом және жеке кәсіпкер Е.Бақторазовтың демеушілігімен сый-сияпаттар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев бірқатар зағип жандарға алғыс табыстап, мерекемен құттықтады.

– Бұл қоғамдық бірлестіктің ең басты мақсаты - оған мүше адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, зағиптар мен нашар көретін жандарға барынша қолдау көрсету болып табылады. Сіздер қоғамдық ортада өздеріңізді тең ұстау үшін мемлекет тарапына үлкен қолдаулар жасалуда. Бұл жұмыстар әрқашан жалғасын табатын болады, – деді Талғат Мейрамханұлы өз сөзінде.





Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

21 шілде 2022 ж. 575 0