ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІ
Бүгін Сырдария ауданында "1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні" мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті. Орталық алаңда ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Ғ.Қазантаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
– Баршаңызды «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен» шын жүректен құттықтаймын! Өздеріңізге белгілі, ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы азамат болып өсуі. Сондықтан бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын балалармен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы зор. Лайым, еліміздің жарқын болашағы саналатын жас ұрпақ аман болсын!,- деген аудан әкімі ауданда мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 100 пайызға орындалғанын атап өтті.
Сонымен бірге, оқу жылында жақсы қырынан танылып, жоғары көрсеткіштерді бағындырған бірқатар мектеп оқушыларына "Алғыс хат" табыс етті.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілері велосипед теуіп, арнайы қойылым көрсетсе, жоғары сынып оқушылары барабаншылар шеруін ұсынды. Аудандық мәдениет үйінің және әуез мектебінің көркемөнерпаздары әннен шашу шашып, би биледі.
Атап өту керек, балалар мерекесіне орай дәстүрлі велошеру ұйымдастырылды. Велошеруге қатысушыларға облыстық мәслихат депутаты Р.Есеновтің демеушілігімен балмұздақтар таратылды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі