Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ


«4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесі қарсаңында және Қазақстан Республикасының экология саласы қызметінің құрылуының 30 жылдық мерекесіне орай Сырдария ауданы әкімдігінің қолдауымен бүгін аудан орталығы Тереңөзек кентінде ауқымды іс-шара өтті. Мерекелік шара Мемлекеттік Гимн орындаумен басталды.
Іс-шарада аудан әкімі Ғ.Қазантаев сөз сөйлеп, аудан тұрғындары мен қонақтарын елдігіміздің белгісі болған Рәміздер мерекесімен құттықтады.
– Кез келген елдің елдігін, мемлекеттің мәртебесін айқындайтын басты құндылықтары болады. Ол – елдің шекарасы, Астанасы және Мемлекеттік Рәміздері. Елтаңба мен Көк Туға, Гимнге тағзым – тарихқа тағзым. Өйткені, мемлекеттік белгілеріміз – елдің құты, ырыс-қасиеті,- деді аудан басшысы құттықтау сөзінде.
Іс-шара барысында Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің басшысы М.Құрманбаев қоршаған ортаны қорғау саласының құрылғанына 30 жыл толуына орай қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік жүйесін жүзеге асыру бағытында жемісті еңбек еткені үшін аудан әкімі Ғ.Қазантаевқа арнайы "Алғыс хат" табыс етті.
Мерекелік іс-шара барысында дәстүрге айналып, биыл үшінші мәрте өткізіліп жатқан велошеру ұйымдастырылды.
Спорттық шараға 200-ден астам аудан белсенділері, мемлекеттік қызметшілер, жастар мен мектеп оқушылары қатысты. Велошеруге қатысушылар кенттің негізгі көшелері арқылы Қалғандария каналының аумағына дейін жүріп өтті.
Аталған маңда облыс әкімінің қолдауымен қабылданған жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы аясында демалыс жағажайы ашылды. Айта кету керек, жағажайды ашуға жеке кәсіпкер, «Эко құрылыс Проджект» ЖШС басшысы Ғалымжан Қалдыбеков өз қаражаты есебінен 11 млн.теңге қаржы салып, 5 адамды жұмыспен қамтуда.
Аудан басшысы жағажай ашып, ел игілігі жолында қызмет етуді мақсат еткен серіктестік ұжымының жұмысына жеміс тіледі.
Өз кезегінде «Эко құрылыс Проджект» ЖШС басшысы Ғ.Қалдыбеков кәсіпкерлік саласын дамытуға ерекше қолдау білдірген жергілікті атқарушы билікке алғысын білдіріп, аудан тұрғындарын жағажайда демалуға шақырды.
Соғыс және еңбек ардагері Яхия Тасыров жиналғандарға бата берді. Осылайша, «4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесі қарсаңында серпінді Сырдария ауданы кең көлемде іс-шара ұйымдастырып, жоғары деңгейде қорытындылады.
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.
02 маусым 2018 ж. 2 556 2

Гость JeaOrer от 1 наурыз 2019 08:17
Reactions To Amoxicillin Pharmacy Canadian Superstore buy cheap accutane online generic viagra Cephalexin Oral Suspension Dog Dosing

Гость JeaOrer от 17 наурыз 2019 07:18
Viagra Como Usar Okpilllsbest Cialis Levitra Libido cialis from canada Cialis E Levitra Effetti Collaterali Viagra Gel Online Rezeptfreie Levitra