Мерекелік қабылдау
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «Сырдариясушаруашылығы» мекемесінің бірқатар қызметкерін қабылдады.
— Сыр өңірінің негізгі тіршілік көзі – Сырдария өзенінің суы. Осы өзеннің игілігін көріп, Сыр диқандары егінмен айналысып келеді. Соңғы жылдары аймақта су тапшылығы сезіліп, егінге су жеткізу ісінде қиындықтар туындауда. Міне, осы қиындықтарды еңсеріп шығуда су шаруашылығының майталман мамандары тынымсыз еңбек етуде. Сырдария ауданының тұрғындарына және шаруашылық құрылымдарға су жеткізу ісіндегі қажырлы еңбектеріңіз қашанда құрметке лайық. Ауданның өсіп-өркендеуінде Сіздердің қосып жүрген үлестеріңіз зор. Осы орайда су шаруашылығында қызмет етіп жүрген баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтаймын, — деді Талғат Мейрамханұлы.
Сонымен қатар Талғат Нұртазаев сала мамандарына аудан әкімін алғысын табыстады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі