Мереке мезіреті толастар емес

Жылдағы үрдіспен аудандық мәслихат, аудандық ардагерлер, аудандық Қоғамдық кеңес, «АМАNАТ» партиясының аудандық филиалы мен дербес бөлімдер арнайы құттықтау тілектерін жолдады. Тіпті, редакция ұжымының бірқатар қызметкеріне «Алғыс» табыс етті. Оған қоса, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық полиция бөлімі, аудандық Жастар ресурстық орталығының басшылық құрамы арнайы редакцияға келіп, құттықтау тілектерін жеткізді. Мұндай мерекелік мезірет аудандық газет ұжымының мерейін өсіріп, шығармашыл жандарға зор шабыт сыйлады.
Бұдан бөлек, Жеңісбек Сыздықов басқаратын «Шаған-Жер» ЖШС ұжымынан да арнайы мерекелік құттықтау жетті. Даланы дүбірге бөлеген еңбек адамдары да журналистерге зор құрмет көрсететінін тағы бір дәлелдеді. Атап өту керек, аудандағы іргелі шаруашылықтардың ішінде «Шаған Жер» ЖШС ғана жыл сайын сырдариялық қаламгерлерді кәсіби мерекемен құттықтайды.
«ТТ» ақпарат