Мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтады
Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы, аудандық мәслихат депутаты А.Ибрагимұлы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұжымын «21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен» құттықтады.
"Құрметті Жеңіс Үсенұлы! Сізді және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұжымын «21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен» аудандық «Тіршілік тынысы» редакциясы ұжымының атынан шын жүректен құттықтаймын!
Мәдениет – халқымыздың ең үлкен жәдігері. «Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, ол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болады. Мәдениеттің өзекті бөлігі – өнер. Шынында да өнер – мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністерінің бірі. Мәдениет пен өнер өркендеген қоғам әр уақытта ілгерілеп, дамиды», – деп Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев айтқандай, мәдениет пен өнер – әр халықтың дүниетанымын, рухани байлығын, тыныс-тіршілігін тұтас жинақтайтын егіз ұғым.
Осы орайда аудандық «Тіршілік тынысы» газеті аудандық мәдениет саласына әркез ақпараттық қолдау көрсетуге дайын екенін ескерте отырып, жауапты қызметтің қазанында қайнап, руханиятымызды сақтау мен дамыту жолында ерен еңбек етіп жүрген мәдениет майталмандарын мерейлі мерекесімен құттықтайды! Отбасыларыңызға береке, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға толайым табыс тілейміз!" делінген құттықтау хатында.