Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Баспасөз саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудандық «Тіршілік тынысы» газеті ұжымы жылдағы үрдіспен ардагерлерді мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті.

81 жылдық тарихы бар аудандық газеттен талай тұлғалар, қаламгерлер, ақын, журналистер түлеп ұшты. Одан бөлек баспа саласында көптеген қызмет­керлер жұмыс жасап, газеттің сапалы шығуына сүбелі үлес қосты.

Кеше ғана қызу еңбекте жүріп, бүгінде сол бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагерлер қашанда құрметке лайық. Олардың қатарында аудандық газеттің ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсілім Қалмұратұлы, басылымда қырық жыл үзіліссіз еңбек етіп, бас редакторлық қызметті абыроймен атқарған Сәуле Сұлтанқызы, бас­па саласының арда­герлері Сергей Тоқсанбаев, Шолпан Беркінбаева, Жұмакүл Қожағұлова, Шынар Әбді­халықова, Қазына Асықбаева бар. Сала ардагерлерін кәсіби мерекеде аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы Ақтөре Ибрагимұлы, редакция жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсілім Қалмұратұлы арнайы құттықтап, құт­тық­тау хат және мерекелік сый-сияпат табыс етті. Ізгі тілектерін жет­кізіп, зор денсаулық, мол бақыт тіледі. Сала ардагерлері өз риза­шылықтарын білдірді.
26 маусым 2020 ж. 470 0