Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Ардагерлерді мерекемен құттықтады

Ардагерлерді мерекемен құттықтады

Жаңа жыл қарсаңында аудан әкімі Руслан Рүстемов ардагерлерді мерекемен құттықтап, сый-құрмет көрсетті. Аудан басшысымен бірге аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хай­­­­­­рол­­ла Әбенұлы, «Сырдария ауданының әйел­­­де­рі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұл­­ме­кен Жанәлиева жүріп, мерекелік құттық­тау­ларын жеткізді.
Алдымен аудан әкімі соғыс және еңбек ардагері Яхия Тасы­ровтың үйіне барды. Жаңа жылда 98 жас­қа толатын батагөй ақсақалды мерекемен құт­тықтап, облыс әкімінің құттықтауын табыс етті.
– Биылғы жылы аудан зор табысқа жетті. Барлық салада даму бар. Мұндай іске ардагерлердің қосқан үлесі зор. Сондықтан әр мерекеде қарияларды құрметтеу – бізге міндет. Келе жатқан Жаңа жыл жақсылығымен келсін. Аудан үшін табысты жыл бол­сын, – деген аудан басшысы құрметті ардагерге сый-сыяпат жасады.
Өз кезегінде соғыс және еңбек ардагері Я.Та­сыров өз естеліктерімен бөлісті. Қазір ел-халықтың жағдайы жақсы екенін тілге тиек етіп, бейбіт күнге шүкіршілігін айтты. Құрмет көрсеткен аудан басшысына алғыс білдіріп, батасын берді.
Сондай-ақ аудан әкімі соғыс және еңбек ардагері Маханбет Бержановты, «Сырдария ауданының Құр­метті азаматы», тыл ардагері Рақымжан Бәйме­новті, ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мү­шесі Мұхтар Сақтаповты, еңбек ардагері Сергей Тоқсанбаев пен білім саласының ардагері Зоя Алданқызын және еңбек ардагері, кәсіпкер Жахия Мырхиевті арнайы мерекемен құттықтады. Оған қоса білім саласының ардагері Рахима Қызыл­қожаеваны арнайы құттықтап, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» төсбелгісі мен куәлігін табыс етті.
Мереке қарсаңында құрметке бөленген ардагерлер өз ризашылықтарын білдірді.

Ердос БЕРКІНБАЕВ
31 желтоқсан 2019 ж. 861 0