Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Редакция ұжымына – ризашылық

Редакция ұжымына – ризашылық

Алғыс айту мерекесіне орай ау­дан­дық мәдениет үйі жанынан құ­рылған халық театрының өнер­паздары мен жастар ресурстық ор­та­лығының мамандары аудан жа­ңалықтарының жаршысы «Тір­шілік тынысы» газеті ұжымын арнайы құттықтады.

82 жылдық тарихы бар аудан айнасының редакциясына халық театрының режиссері Әділ Ерғали мен жастар орталығының маманы Алғабек Әбдікамалов бастаған өнерлі жастар ат басын тіреп, көктем мерекесімен қаламгерлерді құттықтап, өз ризашылықтарын білдірді.

– Төрт мыңға жуық оқырманы бар аудандық басылым біздің жұмысымызды насихаттап, жетістігімізді жариялап, үнемі ақпараттық қолдау көрсетіп келеді. Сіздердің жергілікті басылымға жазған мақалаларыңыз ертеңгі күні тарих болып қалатыны сөзсіз. Алғыс айту күнінде ұжым қызметкерлеріне толағай табыс пен шығармашылық сәттілік тілейміз, – деді театр режиссері Әділ Ерғали.

Жастар орталығының мамандары мен мәдениет саласының өнерпаздарының ыстық ықыласына шығармашылық топ өкілдері алғыстарын жеткізді. Өнерлі жастар редакция ұжымына Құттықтау хат табыс­тады.

«Алғыс айту күні – бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған күн. Аудандық халық театры мен жастар ресурстық ортылығының ұжымы ауданымыздың дамуына қосып келе жатқан айрықша еңбегі үшін «Тіршілік тынысы» газетінің ұжымына шексіз алғыс білдіреді» делінген құттықтау хатта.

01 наурыз 2021 ж. 1 927 0