Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Басым бағыттар жұмысымыздың басты арқауы болады

Басым бағыттар жұмысымыздың басты арқауы болады

Соңғы уақыттардағы елімізде болып жатқан саяси маңызды өзгерістерден кейін ел президентінің биылғы жолдауын асыға күткеніміз анық. Өйткені, мемлекет басшысы бұған дейін халыққа жолдаған үндеуінде еліміз үшін аса өзекті мәселелер бойынша жаңа реформаларды наурыз айында жариялайтынын айтқан еді. Расында да бүгінгі Жолдаудың мәні мен маңызы ерекше болды.

Президент ел дамуының барлық саласын қамтыған Жолдауында нақты міндеттер мен айқын мақсаттарымыз туралы кеңінен айтты. Оның ішінде өткеннен тағылым алып, келешекке сеніммен қарау арқылы өзгеретін кезең келгенін ерекше атап өтті. Ал «Жаңа Қазақстанды құру» идеясының сапалы, тиімді, нәтижелі жүзеге асуы үшін елдік мүддені бәрінен биік қою ең басты міндетіміз болмақ.

Жолдауды педогогикалық ұжым қыз­­­­мет­­­­керлерімен бірге тыңдадық. Елі­міз­де жүзеге асатын жоспарлы жұмыс­тар­­­дың жүйелілігі аңғарылды. Басым ба­ғыттарды жұмыс барысында іс-жос­пар­ла­рымыздың басты арқауы ететіні­міз анық.

«Бізге ешкім сырттан келіп, ештеңе жасап бермейді. Бәрі өз қолымызда. Сондық­тан баршаңызды Жаңа Қа­зақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақы­рамын. Халықтың қолдауымен мақ­сатымызға жетеміз деп сенемін. Маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтасты­ғынан асқан ешбір құндылық жоқ. Мені ең алдымен, халқымның болашағы қалай болатыны толғандырады», – деді Мемлекет басшысы.
Иә, болашақ үшін бәріміз жауаптымыз. Бұл ретте педагогика саласының қызметкерлеріне жүктелетін міндет өте ауқымды екені анық. Мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс білім іздену мен тәрбиеге ғана емес парасаттылық, әділдік, адамгершілік қағидаттарына негізделуі керек. Өйткені Отанның берік болуы отбасындағы, қоғамдағы іс-әрекеттерге, таным-түсінікке тікелей байланысты. Ал жолдауда біздің ұлт болып ұйысуымызға жол ашатын рухани серпіліс сыйлайтын көп өзгерістер айтылды. Жаңа облыстардың құрылуы мен әкімшілік аумақтардың қайта зерделенуінде, сайлау жүйесінің жаңғыртылуында терең мән бар. Сондықтан басым бағыттарды жұмысымыздың басты арқауы етіп, Президент бастамаларын сапалы жүзеге асыруға баршамыз бүгіннен бастап кірі­суіміз қажет.

Ғалия Жаңабаева,
аудандық мәслихат депутаты
17 наурыз 2022 ж. 452 0