Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛДАУ – БОЛАШАҚ МАҚСАТТАРЫМЫЗ ТОПТАСТЫРЫЛҒАН БАСТЫ ҚҰЖАТ

ЖОЛДАУ – БОЛАШАҚ МАҚСАТТАРЫМЫЗ ТОПТАСТЫРЫЛҒАН БАСТЫ ҚҰЖАТ



Бір байқағаным, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында «білім» сөзі 24 рет кездеседі екен. Бұл дәл қазіргі уақытта білім саласы басты назарда екенін көрсетеді. Әсіресе, ұстаздар қауымының жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты 30 пайыздан 50 пайызға дейін өсетіні туралы хабарды жұртшылық ерекше ықыласпен қабылдады. Мемлекет басшысы осы мақсатта биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу керектігін айтты. Яғни, мемлекет тарапынан білім саласына қолдау көрсету негізінде жас буынның сапалы білім, саналы тәрбие алуына толық жағдай жасалады. Нәтижесінде, ауыл мен қала білімі теңеседі, ұстаздардың әлеуеті жоғарылайды.
Президент Жолдауын болашақ мақсаттарымыз топтастырылған басты құжат деп бағамдасақ болады. Өйткені, Елбасы айқындап берген 10 міндеттің барлығы елдің тұрақты дамуына ерекше әсер етеді. Мәселен, Жолдауда көрсетілген жетінші міндет адами капиталды дамытуға арналған. Оның ішінде, «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастырудың маңызы зор. Ұлттың әлеуетін арттыру үшін білім берумен қатар, мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуға да ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Міне, сонда ғана "Рухани жаңғыру" бағдарламасы іркіліссіз іске асады. 
Жолдауды назар салып оқысаңыз "Ұлт» сөзін 19 рет, «әлеуметтік» сөзін 18 рет, «экономика» сөзін 17 рет, «бизнес» сөзін 15 рет, «денсаулық» сөзін 8 рет кездестіруге болады. Яғни, Жолдау барлық саланы қамтиды. Сол себепті, Елбасы Жолдауы жүрегі "елім" деп соғатын әрбір қазақстандық үшін аса маңызды. Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыруға қоғамның барлық мүшелері атсалысуы қажет.
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.
08 ақпан 2018 ж. 1 144 1

Гость JeaOrer от 5 наурыз 2019 15:39
Precio De Levitra Bucodispersable Order Propecia Pill Priligy Generika Dapoxetine viagra Cialis Sans Ordonnance Keflex Side Effects Eye