Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Редакция ұжымы Жолдауды онлайн форматта тыңдады

Редакция ұжымы Жолдауды онлайн форматта тыңдады

Ел Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауын Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің шығармашылық ұжымы онлайн форматта тыңдады.

Жолдауды тыңдау барысында аудандық газеттің бас редакторы, аудандық мәслихат депутаты Мемлекет басшысының Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыты айқын көрініс тапқанын атап өтті.

– Дәл қазіргі күрделі кезеңде, әлем елдері қауіпті індетпен күресіп жатқан тұста жарияланған Жолдаудың маңызы жоғары. Сондықтан Президент атап өткен басым бағыттарды халыққа жеткізу, насихаттау, түсіндіру, талдау – біздің басты міндетіміз. Алдағы уақытта аудандық газетте жаңа айдар ашып, Жолдаудан туындаған мақсат-міндеттер жөнінде ақпараттық, сараптамалық мақалалар жазуға көңіл бөлуіміз қажет, – деді бас редактор.
01 қыркүйек 2021 ж. 464 0