Көршілерінің көңілінен шыққан медбике
Аудандық газет редакциясының есігі оқырмандар үшін әркез ашық. Біз оқырмандарымыздың ұсыныс-пікіріне ақпараттық қолдау көрсетіп, олардың үнін басылым бетінде тұрақты түрде жариялап келеміз. Көктем мерекесі қарсаңында бізге Тереңөзек кентіндегі Қажыман Асанов көшесінің бір топ тұрғынынан, нақтырақ айтқанда аналар қауымынан өтініш келіп түсті. Ақ халатты абзал жанға алғыс айтуды мақсат еткен аналар тәжірибелі медбике Алтынкүл Қияс туралы қалам тербеуімізді және еңбегін өзгелерге үлгі етуімізді сұрады.
«Алыстағы ағайыннан жақындағы көрші артық» деген даналық сөз бар. Көше тұрғындарының алғаусыз ақ тілегі мен шынайы ризашылығынан мақаламызға арқау болып отырған ақ халатты абзал жанның өз жұмысына адал маман екенін аңғардық. Аналар қауымының айтуынша, медбике көршілері біліктілігімен, мейірімділігімен, шынайы жанашырлығымен халықтың ыстық ықыласына бөленген.
– Өмір болған соң түрлі жағдайлармен денсаулық сақтау саласы мамандарының көмегіне жүгінеміз. Көшеміздің жасының да, жасамысының да медбике көршіміз Алтынкүл Қиясқа ризашылығы шексіз. Тәжірибелі маман уақытпен санаспай бізге көмек көрсетіп, шипалы ем-дом жасап келеді. Әсіресе кішкентай балаларымыз ауырғанда тез жазылуы үшін аянбай жұмыс істейді. Кейде дертіміз маза бермей, түнемелік мезгілде көршімізге хабарласқанымызда да білікті медбике жанымыздан табылады. Осындай ардақты да аяулы жанға көктем мерекесі қарсаңында алғыс айтуды жөн санадық, – дейді көше тұрғыны Құндызай Ысқақова.
32 жылдық тәжірибесі бар балалар медбикесі Алтынкүл Қияс кенттің Қ.Асанов көшесінде ұзақ жылдардан бері тұрады. Көршілестері ақ халатты абзал жанның білімімен қатар парасаттылығы мен адамгершілігін жоғары бағалайды.
– Дәрігер ісімен де, сөзімен де науқастың көңілін аулап, ертеңгі күнге деген сенімін оятып, жылы сөзімен дертті жанға дауа сыйлауы тиіс. Бұл ретте біздің көршіміз медбике Алтынкүл Қиястың қажырлы еңбегін көпшілікке үлгі етуге болады. Ол жылы сөзімен біздің жанымызға нұр сыйлап, медбике деген атқа адалдық танытып келеді. Бұл оның өз мамандығына деген адалдығын және адамгершілігін білдіреді. Сондықтан көпшілік оған ақ батасын беріп, алғысын айтып, шынайы ризашылығын білдіруде. Медбике үшін халық алғысын алғаннан асқан бақыт жоқ шығар, – дейді көше тұрғыны Махаббат Исмайлова.
Редакцияға хабарласқан көше тұрғындарының білікті медбикеге деген риясыз ризашылығын асықпай тыңдадық. Сосын «Еңбектің жеңілі мен ауыры, алғыстың үлкені мен кішісі болмайды» деген тағылымды сөз ойға оралды. Расында да елдің алғысын алғанға не жетсін! Ал сол алғыс бір ғана адамның атынан емес, бүтін бір көшенің тұрғындары тарапынан айтылса, ғанибет емес пе?! Шіркін, әр дәрігер осылай науқас жандарды емдеп, олардың алғысына кенелсе, нұр үстіне нұр болар еді. Осы орайда «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген ниетте бекем бірлік пен көркем тірлікті ұштастырған Қ.Асанов көшесі тұрғындарының ауызбіршілігі мен ынтымағы жоғары екенін де атап өтуіміз қажет. Мақаламызды түйіндей келе, алғыс арқалаған абзал жанның жұмысына жеміс, абырой-амандық тілейміз!

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ