Адамгершілік
Бір күні бір жас жігіт жолда кетіп бара жатып қайыршы қартты көріпті. Ол бір нәрсе іздеп, тыпыршып жүр екен. Жас жігіт қартқа барып хал-жағдайын, істің мән-жайын сұрайды. Сонда қарт кісі:
– Бүгін көк көзді, үстінде қара пальтосы бар келіншек жолда ақшасы бар әмиянын түсіріп алыпты. Енді осы келіншекті таба алмай жүрмін. Мүмкін сіз маған көмектесе алатын шығарсыз, – дейді қария.
Сонда жас жігіт таң қалып:
– Өзіңіз нанға ақша таба алмай жүргеніңіз мынау. Басыңызда баспана, үстіңізде киім де жоқ. Сонда да ақшаны алмай, иесіне қайтарып бермексіз бе? – деп сұрайды таң қалып.
Сол кезде қарт:
– Мейлі ішерге тамағым, киерге киімім жоқ болсын, бірақ, менде адамгершілік қасиет бар. Мен мына ақшаны алып, өз пайдама жарататын болсам, онда адамдық қасиеттен жұрдай болғаным. Дүниеге қызығып ар-ұятымнан безіп, күнәға батқым келмейді. Адамгершілігі жоқ адамнан ешқандай қайыр болмайды, – деген екен.

Өзінің арам пиғылынан қатты ұялған жас жігіт қарияға көмектесіп, әлгі әйелді іздеуге кірісіп кетіпті. Сол кезде жігіт «Өмірде сіздей керемет, ар-ұяты бар, адамгершілігін бірінші орынға қоятын адамдар көп болса ғой» деп іштей қарияға тілеулес болып тұрды.
Іңкәр Сәбит,
№137 орта мектебінің
5-сынып оқушысы