АДАЛ ЕҢБЕК
Ертеде бір жігіт Мұхаммед Пайғамбарға (с.ғ.с) өзінің кедейшілік күн кешіп жүргенін, балаларын асырап-бағу қиынға соғып тұрғанын, сол себепті мол байлық, көп мал беруін күнде сұрап келе беріпті. Содан Пайғамбар (с.ғ.с) «сен қоймадың ғой сұранып, мен саған көп малдың қайда екенін айтайын, сен ерте тұрып батысқа бет алып жүре бер. Сол жүргеннен біраз уақыт өткеннен кейін алдыңнан көп мал шығады. Сен сол малды жарып өтіп жүре бер. Алдыңнан бір үй шығады, сол үйдің егесіне барып менің жібергенімді айт. Саған сол кісі малының жартысын береді. Сол малды ал» депті. Содан әлгі жігіт ерте тұрып жолға қамданып, батысты бетке алып жүре беріпті. Көп уақыт өткенде бір таудың етегіне келіпті. Сол таудың етегінде көп мал жайылып жүріпті. Төрт түлік малдың неше атасы бар екен. Жігіт жүре беріпті, алдынан бір жаман лашық үй кездесіпті. Есік алдында қара су құйылған қазан асулы тұр. Ошақтың астына от жаға алмай бір кейуана кемпір отыр екен. Содан әлгі жігіт сәлем беріп, «үйдің егесі қайда» деп жөн сұрайды.
– Егесі үйде жатыр, кір үйге, – депті кейуана.
Апа қара суды қайнатып отырғанша, мына ен малдың ішінен біреуін сойып, неге қазанға салмайсыз? – дегенде, кейуана «ой, шырағым, маған ол малды кім ұстап, сөйып береді, менде оған қауқар қайда» деген екен.
Жігіт үйге сәлем беріп, кіріп келіпті. Үйде жан баласы жоқ. Бірақ бір дауыс естіледі. Сөйтсе, төрде кескен томардай екі аяғы, екі қолы жоқ біреу жатыр. Ол кісі сәлемін алып, не жұмыспен жүргенін сұрайды. Жігіт жөнін айтады. Содан үй егесі «үйдің артына шықсаң алдында көргеніңнен де көп мал жүр, соның шетіне шық та айдап екіге бөл де, жартысын ал»,– депті. Жігіт:
Бұл не қылған көп мал, қайдан келген? – деп сұрапты. Сонда әлгі кісі:
Бұл мал менікі емес, адамдардың садақаға әкеліп беріп кеткен малдарынан көбейген мал. Олардың маған керегі жоқ. Оларды ұстап, сойып жеуге менде қауқар жоқ. Ана есік алдында отырған кемпірді көрдің бе, ол да қартайды, от жағып, қазан қайнатуға да шамасы жоқ, – деп жауап беріпті.
Содан жігіт сыртқа шығып, үйдің артына барса, шынымен де бағанағы көргенінен де көп мал жүр екен. Ол сол малдың шетіне әрең дегенде шығып, екіге бөлейін деп әрі қуалайды, бері қуалайды, әбден шаршап, демалуға бір жерге отыра кетеді. Сөйтіп, жігіт ойланады. Осы менікі не, анау ғой мол байлық егесі болса да оны пайдалана алмай жатқаны. Мен болсам тепсе темір үзетін аяқ-қолы сау жігітпін. Неге еңбек етіп, мал таппасқа. Жұрттың садақаға берген малына ортақтасқанша» деп үйіне қайтыпты.
Келе сала екі кетпен істетіп, әйеліне: «балаларды бір-біріне бақтыр, сөйтіп жер шауып, егін салып, еңбек етейік» деп кірісіп кетіпті. Содан арада жылдар өтіп тұрмысы түзеліп, балалары тоқ, көйлегі көк, жағдайлары жақсарады. Жігіт сонда: «Қой мен Пайғамбарға(с.ғ.с) барып батасын алайын. Ісім одан әрі оңға бассын деп бір өгізін жетектеп Пайғамбарға (с.ғ.с) келеді. Пайғамбар (с.ғ.с) «Не болды, барып көп малдан алдың ба?» дейді. Жігіт: «Бардым, бірақ үй егесін көріп, оның жағдайын білгеннен кейін садақаға келген біреудің малына ортақтасқанша, неге өзім еңбек етпеске деп, жер шауып, еңбек еттім» деп жауап береді.
Міне, сіздің батаңызды алу үшін мына адал еңбегіммен тапқан малды алдыңызға алып келіп отырмын, – дегенде. Пайғамдарымыз (с.ғ.с) «Мен сені әдейі жібергенмін, ана кісінің жағдайын көріп, ойлансын деген оймен» деп батасын берген екен.
«Адал еңбекпен тапқан нан тәтті» деген осыдан қалса керек.

Гүлсім ӘЛЖАНОВА