Тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ

– Жыл сайын желтоқсан айы келгенде 1986 жылғы ел жастарының егемендікке жасаған ұмтылысы көз алдыма келеді. Сол кездегі жалынды жастардың арасында мен де бар едім. Нәтижесінде, 1991 жылы өз Тәуелсіздігімізді алып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевты Мемлекет басшысы етіп тағайындадық. Ол кезеңдер халқымыз үшін ауыр, дүрбелеңге толы болғанымен бүгінгі егемен, гүлденген Қазақстанды құру үшін жасалған алғышарттар еді.
Тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. Сан жылғы күрес пен қайсар рухтың арқасында бүгінде мақтанышпен айта алатын Қазақстан Республикасы деген мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Егемендіктің арқасында тілімізді, шекарамызды, Рәміздерімізді бекіттік. Бүгінгі ұрпақ бейбіт заманның, Тәуелсіздіктің қадірін білсе екен.
Рәбиға БАЕКЕЕВА,
Ақжарма ауылдық «Бүлдіршін» балабақшасының меңгерушісі
Ақжарма ауылдық «Бүлдіршін» балабақшасының меңгерушісі