КӨРІКТІ ЕЛГЕ КӨЗІМІЗ ТОЯДЫ

Айналаңызға көз тастаңызшы, қарапайым ауылдың адамы қала тұрғыны сияқты өмір сүруіп жатыр. Баспаналы болуға мүмкіндігі бар, екі қолға бір күрек табылатын заман келді. Күн сайын көркіне көрік қосқан қала ажарын айтпағанның өзінде, ауданымыздың дамуына көзіміз тояды. Тәулік бойына ауыз су тұтынып, жол да жөнделіп, түнде көшелеріміз самаладай жарқырады. Қарқын алған құрылыс жұмысы да бәсеңсімеген. Жыл сайын жаңа тұрғын үй салынып, халықтың игілігіне берілуде. Мекеме қызметкерлері отырған ғимараттар да заманға сай жабдықталған. Бұл өз кезегінде халқымыздың әлауқатының артқанын көрсетсе, ел экономикасының өсе түскенінің айқын көрінісі. Болашағымыз жастардың да жылы Елбасының Жарлығымен келер жылдан бастап іске асады. Жас ұрпақтың білім алуымен қатар, ел қажетіне жарайтын мамандық иесі атануына жағдай жасалуда. Арнайы мемлекеттен гранттар бөлініп, дарынды жастарды қолдау шет қалған емес. Меніңше, осындай баршылық заманда туып өскен балаларымыз бақытты. Олар келешекте еліміздің іргесі мықты болуына осы бастан атсалысып, тәуелсіздігімізді баянды ету жолында табандылық танытады деген сенімдеміз.
Төлеу СҮЛЕЙМЕНОВ,
еңбек ардагері
Пікір 2