Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ауылда шаштараз ашқан Әйгерім

Ауылда шаштараз ашқан Әйгерім

Елімізде мемлекеттік бағдалама шеңберінде кәсіпкерлікті бастау үшін жеңілдетілген па­йызбен несие беру жолы қарастырылған. Мұндай мүм­кіндікті «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы ая­сында өңіріміздің жастары мен әлеуметтік аз қамтамасыз етілген азаматтар пайдалануда.

Ақжармалық жас кәсіпкер Әйгерім Елікбаева – «Нә­тижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасының игілігін көріп отыр. Ол биыл өз бизнесін бастауға 583 мың теңге көлемінде грант алды. Ауыл тұрғындарына шаштараз қызметін көр­сетіп отырған кәсіпкер бұл салада он жылдан бері тәжі­рибе жинаған.

– Шаштараз қызметімен 2010 жылдан бері айналысып келемін. 2014 жылы Ақжарма ауылына тұрмысқа шық­қаннан кейін қол қусырып отыруды жөн көрмей, ауыл­­да сүйікті ісіммен айналысуды қолға алдым. Отбасым да қолдау көрсетті. Бастапқыда өз күшіммен есік ал­дындағы бос бөлмені шаштаразға лайықтандырдым. Жұ­мыссыздарды мемлекеттік қолдаудың арқасында «Бас­тау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобасы бойынша курстан өтіп, сертификат алдым. Қазір қайтарымсыз несие алып, ауыл орталығынан тұрғындарға шаштараз қызметін ұсынып келемін, – дейді кәсіпкер Әйгерім Бекетбайқызы.
Шаштаразға маманданған шебер облыс орталығындағы «Лилия» сән салонында шеберлігін шыңдап, тәжірибе жинаған. Сонымен қатар Әйгерім түрлі сән үлгілерін жасаудағы қабілетін күнделікті толықтырып отыруды дағдыға айналдырған. Қызылордадағы «Үміт» сән салонындағы шеберлерден қыз-келіншектердің шаш үл­­гі­­сін жасауды үйренген. Шашты сәнді етіп қиюмен қатар ерлердің де шашын алуды меңгерген. Қазір шаштараз шебері қосымша қызмет түрлерін ашуды жоспарлап отыр. Ауылда үлкен сұранысқа ие кәсіп түрін табыс көзіне айналдырған жас кәсіпкер мемлекет тарапынан берілген қайтарымсыз несиенің арқасында қажетті құрал жабдықтарын жаңалап алуға мүмкіндік алған.

– Қазір шаштаразға келген келушілерге заманауи талапқа сәйкес қызмет көрсетуді бастадым. Арнайы шаш жуатын құрылғыны орнатып, қажетті құралдардың барлығын сатып алдым. Келушілерге сапалы қызмет көрсету үшін Қызылорда қаласындағы сән салондарына барып, мамандардан біліктілігімді жетілдірдім. Алда біраз жоспарларым бар. Аптаның 7 күнінде демалыссыз жұмыс жасағандықтан, тұрақты келушілерім де бар, – дейді шаштараз Әйгерім.

Шаштараз қызметін ауылда пайдалану ауыл тұрғын­дары үшін үлкен көмек. Бұрындары аудан, облыс орта­лығына уақыт бөліп, арнайы шаштаразға баратындар енді ауылдағы шебердің қызметін пайдаланады. Тұрақты келушілердің бірі ауыл тұрғыны Нұргүл Махан:
– Отбасымызбен Әйгерімге шаш алғызуға келеміз. Балаларым мен немерелерім де шашын осында алғызады. Әдемі, әрі сәнді етіп шаш алудың шебері десе де болады. Шаштараздың ішінде жақсы жағдай жасалған. Заманауи құрал-жабдықтармен толықтырып, қызметінің сапалы болуына мән беретін Әйгерімнің кәсібіне береке берсін деймін, – дейді.

Бүгінде 32 жастағы кәсіпкерге нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы сүйікті ісі мен хоббиін табыс көзіне ай­налдыруға мүмкіндік берді. Яғни қайтарымсыз қаржылай көмек алып, оны тиімді пайдаланып, шағын бизнесін бас­тады.

Аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Айнаш Баймбетованың айтуынша, қазіргі таңда ауданда жұмыссыздар түрлі мемлекеттік бағдарламаға қаты­су арқылы өз бизнестерін бастауға немесе кеңейтуге мүмкіндік алуда. Бүгінде ауданда 235 адам 583 мың 400 теңге көлемінде мемлекеттік грант алса, «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» арқылы – 66, «Аграрлы кредиттік корпорация» арқылы 8 кәсіпкер жеңілдетілген пайызбен қаржыға қол жеткізді. Бұл өз кезегінде ауданда жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуына мүмкіндік берді.

Қандай кәсіп болмасын оның дұрыс үйлестірілуі отбасыға байланысты. Бұл ретте жас кәсіпкерге енесі Жұмакүл Құрмантаева мен Әйгерімнің жұбайы Серік үнемі қолдау көрсетіп отырады. Жұмакүл апа ауылдағы «Сәуле» дәріханасының иесі. Тәжірибелі фармацевт зейнеткерлікке шықса да, өз кәсібін жандандырып отыр.

Бибісара ЖАНӘЛІ
27 қараша 2021 ж. 464 0