Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас кәсіпкер «Бизнес-бастау» жобасы арқылы кәсібін ұлғайтты

Жас кәсіпкер «Бизнес-бастау» жобасы арқылы кәсібін ұлғайтты

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағытының «Бизнес-бастау» жобасы бойынша «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грантар беру» арқылы ауыл тұрғындары жұмыссыздан кәсіпкерге айналды.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағытының «Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грантар беру туралы» тетігі бойынша ауыл тұрғыны, жас кәсіпкер Закир Ержанов «Бизнес-Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік бағытында курс оқып, «Дәнекерлеу ісі» бойынша жоба қорғап, 583 400 теңге қаржы ұтып алды.

Аталған жас кәсіпкер дәнекерлеуші болып көптен бері қызмет көрсетіп келеді. Бұл жұмыс түріне кәсіби түрде оқымаған.

Ауыл әкімдігінен жауапты маман қайтарымсыз грант алуына түсіндірме жұмыстарын жасап, тиісті құжаттарын әзірлеуіне ықпал жасады.

Жас кәсіпкер мемлекеттік грантқа қол жеткізіп, берілген қаражатқа жаңа үлгідегі дәнекерлеу жабдықтары сатып алынды. Тиісті құжаттар әзірленіп, қаржы толық игерілді.

04 қараша 2021 ж. 359 0