Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Өрт қауіпсіздігін сақтау - басты талап

Өрт қауіпсіздігін сақтау - басты талап

Облыс бойынша өрттің алдын алу және өрт қауіпсіздігін сақтау бағытында тұрғындар арасында кең көлемді түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сақтық шараларын уақытында қолға алу төтенше жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Асхат Оразбеков хабарлады.

- Орын алып жатқан көптеген оқиғалар тұрғындардың өрт қауіпсіздік шараларына салғырт қарауынан, яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен, электр желілерінің қысқаша тұйықталуынан пайда болуда. Осыған байланысты әр аптаның сәрсенбі, жұма және сенбі күндері облыс бойынша департаменттің және полиция департаментінің қызметкерлерімен, қоғамдық бірлестіктердің волонтерлермен бірлесіп жылу беру маусымы кезеңінде өрттің пайда болуын, адамдардың қаза болуын және жарақат алу қауіп-қатерін азайту мақсатында профилактикалық жұмыстары атқарылуда. Барлығы 21 855 тұрғын үй секторының ауласы араланды. Тұрғындармен 161 рет кездесу ұйымдастырылып, соның ішінде электр және газ баллон жабдықтарын, пешті және газ пештерін орнату, қолдану туралы өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп қамтылды,- деді Асхат Плалұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
04 қараша 2025 ж. 147 0