Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қияр өсірудің шебері

Қияр өсірудің шебері

Жылыжайларда қиярды дұрыс өсіру көкөніс дақылдарын қысқы өсіру үшін ең қолайлы дизайнды сауатты таңдаудан басталады. Қиярды өсіру, дамыту және жеміс беру үшін оңтайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін жылыжайды дұрыс таңдау керек.

Бұл технологияны Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылының тұрғыны, Есжанов Нұрсұлтан көп ізденістен кейін игергенін жеткізуде.

«Қияр өсірудің өзіндік қиындығы бар. Күндіз 35 градус жылылық қажет болса, түнде 20 градус жылыдан төмен түспеу керек. Әр сабағын бірлеп, ылғалдылықты да белгілі бір мөлшермен сақтау керек»,-дейді кәсіп иесі.

Таза табиғи өнімді ауыл тұрғындарына қол жетімді бағада өткізіп отырған Н. Есжанов бүгінде тұрақты алушылардың бар екенін де жасырмады. Бір жинағанда 20-25 кг өнім алып отырған кәсіпкер мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде бұл шаруаны жүргізіп отырғанын айтуда.

Алдағы уақытта жылыжайға қызанақ өсіруді жоспарлап отыр.

Жалпы, Сырдария ауданы бойынша 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10,6 пайызға ұлғайды, мемлекеттік бағдарламалар арқылы 2,2 млрд теңгенің 418 жобасы қаржыландырылып, 400 жаңа жұмыс орны құрылды.

15 қазан 2021 ж. 565 0