Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ектім егін – жидым өнім

Ектім егін – жидым өнім

Шиелі – диқаншылық дамыған өңір. Жыл басынан бері ауданда ауылшаруашылық саласы бойынша 3,1 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,3 процентке артқанын көрсетеді. Биылғы жылдың тамыз айынан бастап көкөніс және бақша өнімдерінен Жезқазған, Ақтөбе, Астана қалаларына жүздеген тонна қауын-қарбыз, қызанақ жөнелтілді.

Бұл жолы Гигант ауылдық округіне барар жолдағы егін алқабына аялдадық. Жеке кәсіпкер Қанат Мұсаевтың егіндік алқабы көздің жауын алады. Бейне бір қызыл-жасыл кілемді жайып жібергендей.

Ерте көктемнен егінге қамданған Қанат Барлыбайұлы алдымен 40 мың қызанақ көшетін есік алдындағы жылыжайда өсіріп, дайындайды. «Су, жылу, электр жарығымен толық қамтылған жылыжайда өсірілген көшеттерді, жерге отырғызбас бұрын күн көзімен жылынған келесі жылыжайдың ішінде 10 күндей ұстаймыз. Ауа райына бейімделген көшеттер содан соң барып егіледі» – дейді, агроном болып қызмет атқарған Барлыбай ақсақал. Әкенің бағыт-бағдарымен кәсіпті қолға алған ол «AgroBaidala» ЖШС 5 млн теңге қаржылай көмек алып, тәуекелге бел байлаған екен.

80 тоннадай өнім жинаған диқан Астана, Ақтөбе, Шымкент қалаларына дейін нарыққа шығып отыр.

– Күтімі мен бабын білеміз. Қызанақ 150 күнде жинауға келеді. Әр түптен 3 келіге жуық өнім алуға болады. Қызанақпен қатар қауын, қарбыз егіп, оны да басқа қалаларға жібереміз. Қазір ынталанған адамға ырыс табудың көзі бар. Тек еңбектену керек, – дейді Қ.Мұсаев.

Қызанақ өсіруді қолға алған тағы бір қарапайым шаруа иесімен жүздесудің сәті түсті. Жексенбай Сарыбалаев бақша дақылдарын өсірумен айналысады. Әсіресе, қызанақ пен қауын – оның диқандық даласындағы басты өнім.

– «Сырт көзге жеңіл көрінгенімен, қызанақ өсіру қып-қызыл еңбек. Оған қарағанда картоп өсіру оңайырақ. Көктемде бір миллион теңге несие алып, кірісіп кеттік. 1 гектар қызанақ, 1 гектар қауын, 13 арық қияр егіп, соның ырзығын көріп отырмыз» – дейді егінші.



Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ,

журналист.
23 тамыз 2018 ж. 2 019 3

Гость JeaOrer от 11 ақпан 2019 02:59
50mg Viagra Retail Price cialis from canada 1841 Finasteride 1mg No Prescription

Гость JeaOrer от 3 наурыз 2019 03:43
Body Building Forum Clomid Images Of Amoxil Pills comprar levitra mas barata Dosage Cephalexin Bladder Infection Viagra 50mg Preis Propecia Para La Prostata

Stevnohope от 8 мамыр 2019 02:43
Acquisto Viagra Slovenia Newzealand Pharmacy Domperidone kanada levitra bestellen Order Without A Prescription Robaxin 750 Tab Amoxicilina Low Price