Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өрттен қалай қорғану керек?

Өрттен қалай қорғану керек?

Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрмыстық және тұрғын секторларында орын алатын өрттің және өрт салдарынан адамның қаза болуын болдырмау мақсатында аудан тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын ескертеді:
– Мас күйде үй ішінде темекі шекпеу;
– Жылыту маусымы алдында пешті жөн­деуден өткізу;
– Пештің маңайында оңай жанатын заттарды қалдырмау;
– Пешті жағу үшін тез тұтанатын сұйықтықты қолданбау;
– Толық сөнбеген көмірді ағаштан жасал­ған заттың қасына тастамау керек.
Сондай-ақ қолдан жасаған электр қор­ғаныштарын қолдануға тыйым салынады.Электр­ленген сымдарды жөндеуде және үйге электр жүйесін тартуда электр мамандарының көмегіне жүгінген жөн. Электр қондырғыларды уақытылы тексерістен өткізіп, балаларды қа­раусыз қалдырмау қажет.
Пештерді түтін құбырларына қосу үшін:
1) Түтін шығарғыштың жоғары жағынан жанғыш материалдардан жасалған төбеге дейінгі ара қашықтық төбе жанудан қорғал­маған жағдайда 0,5 метр кем болмау керек және қорғалған жағдайда 0,4 метр кем емес болуы қажет;
2) Түтін шығарғыштың төменгі жағынан жанғыш немесе қиын жанатын материалдар­дан жасалған еденге дейінгі ара қашықтық 0,15 метр­ден кем емес болғанда ұзындығы 0,4 метрден аспайтын түтін шығарғыштарды қарастыруға жол беріледі. Түтін шығар­ғыштарды отқа төзімділік шегін 0,75 метр және одан артық етіп, жанбайтын материалдардан жасау қажет.
Шатырларда түтін каналдары өтетін бар­лық түтін құбырлары мен қабырғаларды (әктеу) ағарту қажет.
Пешті пайдалану кезінде, түтін шығар­ғыштар мен пештерді жылыту мерзімі бас­талар алдында, сондай-ақ барлық жылыту мерзімінде үш айда бір реттен кем емес күлден тазартыңыз.
Өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтағанда адам өліміне әкеліп соқтыратын түрлі төтенше жағдайдың алдын алуға болады.
Өрт шыққанда немесе төтенше жағдай орын алғанда шұғыл түрде өрт сөндіру бөлімінің «101», «112» немесе 21-2-00 телефонына хабарласып, жағдайды, мекен-жайын асықпай, толық айту керек.

Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі
09 қараша 2019 ж. 1 188 0