Қысқаша тұйықталу

Қысқаша тұйықталудың кесірі және одан сақтану жолдары
Қысқа тұйықталу – зиянды құбылыс. Қысқа тұйықталу кезінде электр энергиясының қажетсіз жұмсалуымен қатар тоқ көзі де істен шығады. Бұл кезде пайда болатын күшті тоқтар сымдарды қатты қыздыратындықтан өте қауіпті, олар өрт тудыруы мүмкін. Сондықтан, тұйық тізбекті құрайтын сымдар тек бір-бірінен ғана емес, сонымен қоса, жерден, яғни қабырғадан, еденнен және тағы басқа заттардан жақсы оқшаулануы қажет.
Қысқа тұйықталу кезінде өртті және тоқ көзінің бүлінуін болдырмау үшін электр тізбегіне балқымалы сақтандырғыштарды қосу керек. Сақтандырғыштардың міндеті – тоқ күші рұқсат етілген шамадан кенет артып кеткенде, бірден электр тізбегін ажыратып жіберу. Балқымалы сақтандырғыштар электр құралдарына жатады. Бұлар – электр тоғының тізбегіне тізбектей қосылатын өте жұқа мыс немесе қорғасын сым. Тізбек тұйықталған кезде тоқ электр тізбегінің есептелген шамасынан артып кетсе, сақтандырғыштар тізбекті ажыратып, қысқа тұйықталу қатерін болдырмайды.
Тұрмыстағы өрттің басым бөлігі тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан орын алады.
Электр құралдарын пайдалану кезінде тыйым салынады:
– Электр шамдары мен жарықшамдарды қағазбен, матамен және басқа да жанғыш материалдармен жабуға;
– Стандартқа сай емес (қолдан жасалған) электр құралдарын қолдануға;
– Желіге қосылған электр құралдарын қараусыз қалдыруға
– Жанбайтын материалдардан жасалған электр плиткаларын, электр шәйнектерін үтіктерді қолдануға.
Осы қарапайым өрт қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтаңыз. «Өрт –тілсіз жау» екендігін, ал одан келетін зардаптың орнын толтыру қиын екендігін әрбір азамат ұмытпағаны дұрыс!
Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімінде 8/72436/21-4-94 сенім телефоны жұмыс жасайды.
Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі