Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Редакция қызметкерлері вакцина қабылдады

Редакция қызметкерлері вакцина қабылдады

Коронавирус инфекциясы аудан көлемінде өршіп тұрғанынан тұрғындар жақсы хабардар. Күн сайын жұқ­палы дертке шалдығушылар қатары да көбейгенін күн­делікті ақпарат көздерінен біліп отыр.
Қауіпті вирустан сақтанудың жолы вакциналау екенін қазір тұрғындар біршама ұғынуда. Сондықтан жаппай вакциналауға жүгініп жатқандардың қатары да арта түсуде.
Жақында ауданға 2400 доза «Спутник V» және 600 доза «QazCovid-in» вакцинасы әкелінген болатын. Алдыңғы кезекте салғызған аудан тұрғындары вакцинаның кері әсері болмағанын айтып, халықты хабардар етті. Сондықтан вакцинаға деген сенім де арта түскені мәлім. Енді тұрғындар ерікті түрде жаппай вакцина қабылдауға асығуда. Бұл бірінші кезекте өз денсаулықтарына бей-жай қарамағандықтан және жұқпалы ауруға араша түсуге мүм­кіндік береді деген сөз.
Кеше аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің ұжымының қыз­меткерлері де қауіпті індетке қарсы вакцина қабылдады. Бас редактор бастаған ұжым қызметкерлері екпені қабылдаған соң біршама уақыт дәрігер бақылауында болды. Енді арада 21 күн өткен соң вакцинаның екінші компонентін қабылдайтын болады.

Бибісара ЖАНӘЛІ
01 мамыр 2021 ж. 668 0