Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 26 газет

12 сәуір 2025 ж.

№25 газет

08 сәуір 2025 ж.

№24 газет

05 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ауданға 2400 доза вакцина жеткізілді

Ауданға 2400 доза вакцина жеткізілді

Бүгін ауданға коронавирус инфекциясына қарсы 2400 доза «Спутник V» вакцинасы жеткізіліп, екпе егу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету керек, ауданда вакциналау жұмыстары наурыз айынан басталып, бүгінгі күнге дейін 500 сырдариялық екпе салдырған болатын. Олардың басым бөлігі медицина, төтенше жағдай, мемлекеттік кірістер, білім саласының өкілдерін құрайды.

Вакцина 18 жасқа дейінгі балалар мен 64 жастан асқан адамдарға салынбайды. Ауданда вакциналау жұмыстарын жүргізу үшін аудандық ауруханада санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай егу бөлмелері дайындалған. Егу шараларына 55 медицина қызметкері тартылған.

Еске сала кетейік, дертті жұқтырғандардың көбеюіне байланысты аудан «қызыл» аймақта. Әзірге індетті жеңудің жалғыз әрі төте жолы – вакцина салдыру. Сондықтан барша аудан тұрғындарын өзінің және жақындарының қауіпсіздігі үшін ерікті түрде екпе қабылдауға шақырамыз!

Ердос БЕРКІНБАЕВ
28 сәуір 2021 ж. 818 0