160 сырдариялық вакцина қабылдады
Бүгін ауданға жұқпалы індетке қарсы күрес үшін 2400 доза «Спутник V» вакцинасының І компоненті жеткізілген болатын. Қазіргі таңда аудандық ауруханада екпе жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Ақжарма және Шаған ауылдарында мобильді топтар жұмыс жасап, елді мекен тұрғындары вакцина қабылдауда.
Жалпы, түске дейінгі уақытта 160 сырдариялық вакцина салдырды. Екпе қабылдауда мемлекеттік қызметкерлер, білім және басқа да сала қызметкерлері, жастар белсенділік танытып жатыр.
Айта кетейік, екпе егу жұмыстары egov. kz арқылы жүргізіледі. 2021 жылдың 8 сәуірінен бастап «Электронды үкімет» порталында «Вакцинацияға жазылу» қызметі іске қосылды. Ол үшін азамат «Электронды үкімет» порталына авторизациялануы және өтінім беруі қажет, онда тек тіркеу аймағы бойынша медициналық ұйымды көрсету қажет болады, содан кейін өтінім медициналық ұйым қарауына жіберіледі. Медициналық ұйым вакцина жүргізу уақытын көрсете отырып, өтінімдерді бөледі. Бұдан соң азамат «Электронды үкімет» порталында медициналық ұйымға баратын күнді және уақытты көреді, сондай-ақ қосымша SMS хабарлама алады.

Ердос БЕРКІНБАЕВ