Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі вакциналау жұмысының барысын көрді

Аудан әкімі вакциналау жұмысының барысын көрді

Аудан әкімі Талғат Дүйсебаев аудандық ауруханаға барып, вакцина салу жұмыстары барысын көрді. Індетке қарсы екпе салдырған тұрғындардың жағдайын сұрап, вакцина – қауіпті кеселге қарсы тұрудың бірден-бір жолы екенін атады.

– Қазіргі таңда ауданға вакцина кезең-кезеңімен жеткізілуде. Алғашқы кезеңдерде 500 адам вакцина салдырса, аудандағы жағдайға байланысты тағы 3000 доза жеткізілді. Қазір екпе салу жұмыстары аудандық ауруханада үзіліссіз жүргізілуде. Осыған орай тұрғындар өзінің және жақындарының қауіпсіздігі үшін вакцина қабылдағаны жөн. Бүгінде аудан қауіпті аймақта тұр. Сондықтан жұқпалы дерттің халықтың денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп төндіруде. Бұл кеселді жеңудің негізгі жолы вакцина салдыру екені анық, – деді аудан басшысы.

Аудан әкімі вакциналау жұмыстарында тынымсыз еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. Және де аудан тұрғындарын екпе салуда белсенді болуға шақырды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда жеткізілген вакцинаны 1000-нан аса тұрғын қабылдап үлгірді. Екпе салдырғандардың қатарында барлық сала қызметкерлері, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын аудан тұрғындары бар.

Ердос БЕРКІНБАЕВ
30 сәуір 2021 ж. 565 0