Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Бір күнде 481 адам вакцина қабылдады

Бір күнде 481 адам вакцина қабылдады

Ауданға коронавирус инфекциясына қарсы 2400 доза «Спутник V» және 600 доза «QazCovid-in» вакциналары жеткізіліп, екпе егу жұмыстары жүргізілуде. Вацинациямен Тереңөзек кенті және Шаған, Ақжарма елді мекенінің тұрғындары қамтылуда.

Жалпы, аудан бойынша егу шараларына 55 медицина қызметкері тартылған. Бүгін 101 медицина қызметкері, 210 мұғалім, 17 участкелік полиция, 12 төтенше жағдайлар қызметкерлері, 112 мемлекеттік қызметкерлер, ерікті түрде 4 студент, 25 басқа да еріктілер, барлығы 481 адам вакцина қабылдады.

Вакцинацияға Egov бағдарламасы арқылы жазылуға болады немесе Сырдария аудандық ауруханасының "қабылдау бөлімшесінің" негізінде орналасқан Егу бекетіне үздіксіз жеке куәлікпен келіп сағат 8.00-20.00 аралығында вакцина алуға болады.
29 сәуір 2021 ж. 570 0