Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Әлемді жайлаған бұл нашақорлық дерті кеңге жайылып, жұқпалы ауруға айналып барады. Және бұл аурудың құрығына Қазақстан халқының да түскенін де байқауға болады. Есірткіні қолданушылардың басым бөлігі—мектеп оқушылары. Себебі, жасөспірімдер жылдам еліктегіш болып келеді. Бір мәрте қолданып көрейін, ештеңе етпес деген оймен, аяғында ол нәрсеге қалай тәуелді болып қалғанын аңғармай қалып жатады. Есірткі пайдалану—қазіргі дағдарыс заманында заңсыз жолмен болатын табысты бизнестің тиімді көзі. Сонымен қатар, біздің жеріміздің пайдалы қазбаларына сұқтана қарайтындарға таптырмас қару. Есірткі адам ағзасына үлкен апат әкеледі. Соның кесірінен адам ағзасы әртүрлі инфекцияларға қауқарсыз келеді. Психика, жүрек—қан тамырлар және жүйке жүйесі ғана емес, сонымен қатар бауыр, бүйрек ауруларды еріксіз тудырады. Есірткіні мөлшерден тыс пайдаланудың арты қылмысқа ұласып, орны толмас қайғыға әкеп соқтырады. Сондықтанда, Ұлы Абай атамыз айтқандай, бес нәрсеге асық болып, бес нәрседен қашық болайық! Бес асыл ісімізді, ұлттық құндылығымызды барынша дәріптеп, ата—баба үмітін ақтап, өз өмірімізге зиян тудыратын істерден аулақ болуға шақырамын. Есірткіден алшақ болып,салауатты өмір салтын ұстанайық!Еліміздің ертеңгі жарқын болашағы мына біз — Жас ұрпақ!
Қызылорда облысы,
Сырдария ауданы,
Айдарлы ауылы.
№139 орта мектептің 10 сынып оқушысы
Ыдырыс Қарақат.
#УПНДПКЗО