«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін»

Есірткінің мақсаты – адамды сана-сезімнен айырып, өзіне тәуелді ету. Соның кесірінен адам түрлі қылмыстық әрекетке, заңға қайшы әрекеттерге баруда. Атап айтар болсам, суицид, ұрлық, адам өлтіруге дейін қабілетті.
Есірткімен күресу жалпы әлемдегі барлық адамзаттың қазіргі таңдағы көкейтесті мәселесі екені даусыз. Сондықтан да одан сақтану, онымен күресіп, жеңу, бойын есірткіден аулақ ұстау- біздің,яғни өскелең жастардың ұстанымы болу керек. Оны болдырмау үшін спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын сақтаған жөн.
Мектебімізде үнемі сайыстар, іс-шаралар өтеді. Шаралардың басты мақсаты – жастарды теріс әрекеттерден аулақ болып, спортпен шұғылдануға шақыру. Уақытты босқа өткізбей, спорттың түрлі секциясына қатысқан балалар есірткі туралы ойламайды.Себебі олардың бос нәрсеге уақыттары да болмайды.
Ал есірткіге үйірлерді , тәуелділерді тоқтатып, оны жою үшін қай жерде отырып, жүрсек те оның адамға қаншалықты зиян екенін айтып, насихаттап жүруіміз керек.
Сол себепті достар, жастар! Бұл жаман әдеттен арылайық. Өзімізді жарқын болашақтың күтіп тұрғанына сенейік және өскелең ұрпақты да соған ұмтылдырайық. Әлемге тамыры кеңінен жайылған дертті «Жұмыла көтерген жүк жеңіл » демекші, жабыла жеңейік. Бос уақытымыз болмас үшін түрлі жұмыстармен айналысып, үйірмелерге қатысайық. Болмаса халық белсенділерінің (волонтер) қатарына қосылып, еліміздегі жағдайы төмен отбасыларға, қарт кісілерге, үйсіз-жайсыз жүрген азаматтарға қол көмегін берейік. Елдің алғысын алып, сонымен көктеп-көгергенге не жетсін?! Ата-әжелеріміздің «бақытты бол,балам!» деген батасының өзі бізге рухани азық. Сол кісілердің қуанышын көріп, солардан мақтау сөздер естіп жатқанда, өзіңнің де өмірге деген құштарлығың арта түседі. Жақсылық жасауға үнемі ұмтылып тұрасың. Міне, зиянды әрекетпен айналысып,өміріңді қор қылғанша, өмірдің осындай кереметтерін неге сезініп жүрмеске?!
Қорыта келе айтарым, «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп, елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, мүмкіндік болғанынша спортпен шұғылданып, денсаулығымызды күтіп, болашағымызды ойлайық, достар.
Айымжан Керейтбаева,
№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы,
Сырдария ауданы ,
#УПНДПКЗО